Halyk Finance Қазақстандағы зейнетақы активтерін басқарушылардың табыстылығы бойынша жетекші орынды иеленді. 2024 жылдың қорытындысы бойынша, оның басқаруындағы зейнетақы активтерінің табыстылығы 18,07%-ды құрады, бұл азаматтардың жинақтарымен жұмыс істейтін барлық инвестициялық портфельді басқарушылардың (ИБМ) ішіндегі ең жақсы нәтижесі. Көрсеткіш былтыр 17,2% болған.

2025 жылдың қаңтарындағы жағдай бойынша Halyk Finance басқаруында 42,2 млрд теңгеден астам актив бар. Компанияның инвестициялық портфелі мынадай:

  • 26%-ы ҚР Қаржы министрлігінің мемлекеттік бағалы қағаздарына;
  • 20%-ы корпоративтік облигацияларға;
  • 13%-ы қарыз құралдарға;
  • 10%-ы Қазақстанның квазимемлекеттік ұйымдарының облигацияларына және т.б. тиесілі.

2024 жылы портфель құрылымындағы негізгі өзгерістер стратегия мен нарықтық жағдайларға негізделген:

  • шетел валютасының үлесін 15%-дан 35%-ға дейін ұлғайтылды;
  • жылдық 13,2% орташа алынған табыстылық басқарудағы активтердің Қазақстан Республикасының мемлекеттік бағалы қағаздарындағы үлесін 4%-дан 26%-ға дейін ұлғайтылды.
  • корпоративтік борыш эмитенттерінің бекітілген мөлшерлемесі – теңгеде жылдық 16,6%, АҚШ долларында жылдық 6,1%.
  • үлестік құралдар бойынша басқарылатын активтер 4%-дан 13%-ға дейін ұлғайтылды.

Айта кету керек, портфельдің шамамен 65%-ы теңгеде, ал қалған 35%-ы АҚШ долларында, бұл тәуекелді әртараптандыруға және табыстың тұрақтылығын арттыруға мүмкіндік береді.

2023 жылдың шілдесінен бастап қазақстандықтар жинақталған зейнетақы қаражатының 50%-на дейін аудару үшін басқарушы компанияны өз бетінше таңдай алады. Бұл азаматтардың өз қаражатын басқаруға және табыстылығы жоғары сенімді компанияларды таңдауға белсенді қатысуына көбірек мүмкіндік ашады.

Сіз де зейнетақы жинағыңызды Halyk Finance басқаруына мына сілтеме бойынша аудара аласыз.