Депозиттік ұйымдардағы резиденттерге тиесілі салымдардың көлемі бір айда 0,8%, бір жылда 12,9% өсіп 2022 жылғы тамыздың соңында 28 271,6 млрд теңге болды, деп хабарлайды Ұлттық банк.
Депозиттер көлемінің ұлғаюына шетел валютасындағы қаражаттың 4,1%-ға өсуі ықпал етті. Теңгедегі депозиттер 1,0%-ға аздап төмендеді.
Валюталық салымдар заңды тұлғалардың депозиттері есебінен өсті, олар бір банктің валюталық депозиттік портфелінің едәуір өсуі аясында тамызда ұлғайды.
Бұл ретте тамызда ұлттық валютаның нығаюы және ұлттық валютадағы және шетел валютасындағы салымдар арасындағы сыйақы мөлшерлемелерінің жоғары дифференциалының сақталуы салдарынан халықтың депозиттері бойынша валюталық салымдардан қаражатты теңгедегі салымдарға аздап әкету байқалды. Мәселен, банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы тамызда 12,4%-ға дейін (2021 жылғы тамызда - 7,3%, 2022 жылғы шілдеде - 12,3%), шетел валютасында – 2,1%-ға дейін өсті, жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 11,7%-ға дейін (8,3%, 2022 жылғы шілдеде – 11,8%) төмендеді, шетел валютасында – 0,8% болды.
Нәтижесінде теңгедегі салымдардың төмендеуімен қатар шетел валютасындағы қаражаттың әкелінуі долларландыру деңгейін 36,5%-ға дейін 1,1 пайыздық тармаққа ұлғаюына ықпал етті.
Дегенмен, бір банктің валюталық депозиттерінің өсуін есепке алмағанда, банк жүйесіндегі депозиттердің долларлануы 35,8% құрады.