2025 жылдың қаңтар-желтоқсан айлары аралығында спорт, демалыс және ойын-сауық саласында көрсетілген қызметтердің жалпы көлемі 878,1 млрд теңгені құрады. Бұл көрсеткіш 2024 жылдың осы кезеңімен салыстырғанда 21,3% көп.

Соның ішінде спорт саласындағы өзге қызмет түрлері - 159,4 млрд теңге, фитнес-клубтардың қызметі - 79,7 млрд теңге, спорт клубтарының қызметі - 67,3 млрд теңге, спорт нысандарын пайдалану - 46,7 млрд теңге, ойын-сауық саябақтарының қызметі - 34,0 млрд теңге болды.

Ал ең үлкен үлес - 55,3% немесе 485 млрд теңге демалыс пен ойын-сауықты ұйымдастыруға қатысты өзге қызмет түрлеріне тиесілі.