Мамыр айының соңында елдің айырбастау пункттерінде америкалық валютаны таза сату 152,8 млрд теңгені құрады, бұл сәуір айымен салыстырғанда 5% және бір жыл бұрынғыдан 49% артық, деп хабарлайды Ұлттық банк.

Өңірлер бойынша ең қомақты сома Шымкентке (43,6 млрд теңге) тиесілі, бұл жалпы көрсеткіштің 29%-ын қамтамасыз етті. 

Ал еуроның таза сатылымы – 17,6 млрд теңге, бұл бір ай бұрынғыдан 47%, бір жыл бұрынғыдан 36% аз. 

Қазақстандықтар рубльден де құтылып жатыр. Таза сұраныс үшінші ай қатарынан теріс  әнде, қазіргң көрсеткіш минус 5 млрд теңге.