Қазақстанда айналымдағы қолма-қол ақша көлемі артып, карта арқылы операциялардың өсім қарқыны төмендеуде, деп есептейді Қазақстан қаржыгерлер қауымдастығынығ сарапшылары. 

Олар елдегі «нақты» ақшаның танымалдылығының өсуін сауданың баяулауымен және жалпы ЖІӨ өсімімен, сондай-ақ мобильді аударымдарды алушылар үшін фискалдық шектеулермен және алдағы жаппай декларациямен түсіндіреді.

Бірінші жартыжылдықтың қорытындысы бойынша қолма-қол ақшасыз транзакциялар көлемінің өсімі 2023 жылдың сәйкес кезеңіндегі 44%-бен салыстырғанда шамамен үш есеге – 15%-ға төмендеді. Алайда абсолютті мәнде қолма-қол ақшасыз операциялардың көлемі 63,1 трлн теңгеден 72,6 трлн теңгеге дейін өсті. Бұл ретте банкоматтардан қолма-қол ақша алу көрсеткіші 3,4%-дан 11,1%-ға дейін өсті (10,7 трлн теңгеден 11,9 трлн теңгеге дейін).

Жалпы, қолма-қол ақшасыз операциялардың үлесі бір жыл ішінде айтарлықтай өзгерген жоқ: тиісінше 85,9% және 85,5%, ал абсолютті мәнде QR төлемдері POS терминал арқылы төлемдер көлемінен алғаш рет асып түсті (7,3 трлн теңге және 7,2 трлн теңге.