Кеңейтілген айқындаудағы экономика несиесі 2025 жылдың 1 сәуірінен бастап 19,1% ұлғайып 2026 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша 50,9 трлн теңге болды. Қарыз алушылардың санаттары бойынша 23,9 трлн теңге немесе кредиттердің жиынтық көлемінің 46,9%-ы бизнес несие (бизнес мақсаттарына несие алған қаржылық емес заңды тұлғалар мен дара кәсіпкерлер), 27,0 трлн теңге немесе 53,1%-ы халыққа берілген несие.
Ұлттық валютадағы несие үлесі 89,5% (45,6 трлн теңге), шетел валютасында – 10,5% (5,4 трлн теңге) құрады. Банк секторы несиесінің үлесі – берілген жалпы несие көлемінің 85,2%-ы.
Деректер көздерінің өзгеруіне және микроқаржы ұйымдарының кредиттері бойынша есептік ақпарат жинаудың ай сайынғы негізге ауысуына байланысты 2023 жылғы 01 шілдедегі жағдай бойынша есептерден бастап кеңейтілген айқындаудағы экономиканы кредиттеу жөніндегі статистиканың жариялануы тоқсандық негізден ай сайынғы негізге ауыстырылды.