2024 жылғы мамырда екінші деңгейдегі банктер экономикаға берген кредиттер 1,4%, 29,5 трлн теңгеге дейін (2024 жылдың басынан бері 5,6% өсім), оның ішінде ұлттық валютада 1,4%, 27,2 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында 1,8%, 2,4 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Нәтижесінде теңгедегі кредиттердің үлес салмағы 2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша 92,0%-ды құрады.
Бизнес субъектілеріне берілетін кредиттер 2024 жылғы мамырда 1,5%, 11,5 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 2,5% өсім). Олардың құрылымында заңды тұлғаларға берілетін кредиттер 0,9%, 9,7 трлн теңгеге дейін өсті (2024 жылдың басынан бері 0,1% төмендеу). Оның ішінде ШОБ субъектілеріне қарыздар 0,1%, 5,6 трлн теңгеге дейін, ірі бизнеске қарыздар 1,9%, 4,1 трлн теңгеге дейін ұлғайды. Дара кәсіпкерлерге берілетін кредиттер бір айда 5,3%, 1,9 трлн теңгеге дейін ұлғайды (2024 жылдың басынан бері 18,6% өсім).
2024 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне 1,4 трлн теңге сомасына жаңа қарыздар берілді, бұл 2023 жылғы мамырмен салыстырғанда 10,6% артық (2024 жылдың басынан бері 6,8 трлн теңге берілді, бұл 2023 жылдың тиісті кезеңімен салыстырғанда 21,8% артық).
Халыққа берілген кредиттер 2024 жылғы мамырда 1,3% ұлғайып, 18,0 трлн теңгені құрады (2024 жылдың басынан бері 7,8% өсім). Халыққа берілген кредиттердің өсуі тұтынушылық қарыздардың 1,7%, 11,3 трлн теңгеге дейін ұлғаюына, сондай-ақ ипотекалық кредиттеудің 0,5%, 5,5 трлн теңгеге дейін өсуіне байланысты.
2024 жылғы мамырда бизнес субъектілеріне ұлттық валютада берілген кредиттер бойынша сыйақының орташа алынған мөлшерлемесі 19,8%-ды (2024 жылғы сәуірде – 19,5%), халыққа қатысты – 19,3%-ды (2024 жылғы сәуірде – 19,8%) құрады.
2024 жылғы 1 маусымдағы жағдай бойынша банк секторы бойынша мерзімі өткен берешегі 90 күннен асатын қарыздар деңгейі (NPL 90+) несие портфелінің 3,2%-ын немесе 1,0 трлн теңгені құрады (2024 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша – 2,9% немесе 864 млрд теңге).
Бизнеске берілген қарыздар бойынша NPL90+ деңгейі 2,2%-ды немесе 283 млрд теңгені, халыққа берілген кредиттер бойынша – 4,0%-ды немесе 716 млрд теңгені құрады. Жұмыс істемейтін қарыздарды провизиялармен өтеу жоғары деңгейде сақталып, 72,3%-ды құрайды (01.01.2024ж. – 75,9%).