Тамызда жеке тұлғаларға берілген несие – 1,4 трлн теңге, өткен аймен салыстырғанда 7,6% азайды. Келісімшарт саны шілдеде 10,5% азайып, 3,66 млн болды, бұл 2023 жылдың сәуірінен бері ең төменгі көрсеткіш болды.

Көрсеткіштің азаюына кепілсіз тұтынушылық несиенің кемі үлкен үлес қосты: берілген сома 9,6% азайып, 888 млрд теңгені құрады. Өткен жылдың тамыз айымен салыстырғанда көрсеткіш номиналды түрде аздап өсті, бірақ тұтынушылық инфляцияны ескерсек, ол да төмендеді. Тұтыну несиелерінің саны бір айда 12,4% азайып, 2,76 млн келісімшарт болды (айтпақшы, бұл 2023 жылдың қыркүйегінен бергі ең төменгі көрсеткіш).

Ипотека, керісінше, өте қарқынды жүріп жатыр. Келісімшарттардың саны бір айда 7,1%, несие сомасы 15%өсті. Абсолютті сандармен бұл 232,3 млрд теңгеге 13,7 мың несиені құрайды. Нәтижесінде, 1 қыркүйектегі жағдай бойынша, ипотекалық несие алған 574 мың қазақстандық бар, олардың жалпы қарызы 6,2 трлн теңге.

PDL деп аталатын жалақыға дейінгі микроқарыздардығ баяуы жалғасуда. Тамызда 8,6% төмендеп, 43,4 млрд теңгені құрады, несиелер саны біршама азайып, 4,1%, 657 мың бірлікке азайды. Еске сала кетейік, тамыз айының аяғында ғана мұндай несиелерге қойылатын жаңа талаптар күшіне енді: олардың мөлшері енді 50 емес, 45 АЕК-ке дейін шектелді (бяиыл 166,1 мың теңге).

Бизнеске келер болсақ, берілген несиенің жалпы көлемі шілдеде 22,8%, 1,4 трлн теңгеге дейін баяулауда. Сонымен қатар, бір айда келісімшарт саны аздап қысқарды, сондықтан несиелер орташа есеппен азаюына байланысты ақшалай көріністегі көрсеткіштер төмендеуде. Заңды тұлғалар үшін шарттың орташа сомасы шілдедегі 138 млн-нан тамызда 105,5 млн-ға дейін айтарлықтай төмендеді.