Бұл туралы Алматыда өткен шарада Freedom Ticketon билеттерді онлайн сату қызметінің бас директоры Виктория Торгунакова мәлімдеді. Ол сондай-ақ Қазақстандағы ойын-сауық іс-шараларына билеттер сатылымының осы уақытқа дейін сатылған биылғы жылдың динамикасымен бөлісті.
Осылайша, компанияның ішкі статистикасы бойынша, 2024 жылдың қаңтар-шілде (қоса алғанда) аралығындағы кезеңде Қазақстандағы концерттік іс-шараларға орташа есепшот 28 232 теңгені құрады. Бұл былтырғы жылдан орташа есеппен билетке төлеген сомадан 37% артық – 20 733 теңгеден. Freedom Ticketon өкілдері орташа есепшоттың өсуін елдегі концерттер санының көбеюімен, сондай-ақ осындай іс-шаралар жанрының алуандығымен байланыстырады.
Көрсетілген кезеңдегі орташа соманың өткен жылмен салыстырғанда ұлғаюы театрландырылған қойылымдар бойынша да байқалды – 28%, ол 10 552 теңгені құрады. Компания мамандары бұл көрсеткішті тек ірі академиялық театрлардағы ғана емес, сонымен қатар жеке театрлардағы спектакльдердің алуан түрлілігімен түсіндіреді. Статистиканың өсуіне көршілес елдерден келген гастрольдік қойылымдардың көптігі де әсер етті.
Айта кету керек, биыл алғашқы жеті айда Ticketon сайты мен қосымшасы арқылы 2 871 747 билет сатылды. Бұл былтыр жыл бойы сатылған билеттер санынан сәл ғана аз — ол кезде 2 936 875 болған. Осыны ескере отырып, биыл сатылатын билет саны былтырғыдан екі есе көп болады деп болжауға болады.
Ticketon.kz сайтының мәліметінше, іс-шараға билет сатып алғандардың 65,7%-ы — әйелдер, 34,3%-ы — ер адамдар. Компанияның сайты арқылы іс-шараларға билеттерді жиі сатып алатын көрермендердің үздік үш санатына 25-34 жас (30,1%), 18-24 жас (23,8%), сондай-ақ 35-44 жас аралығындағы үлкендер кіреді (21,7%).
Мәдени орындар мен өткізілген іс-шаралар саны және қалалар бойынша орташа жалақы есептеле отырып мәліметтер ұсынылды. Осы деректер негізінде өңірдегі қалаларда өтетін іс-шаралардың жетіспеушілігіне мониторинг жүргізіледі. Ticketon гастрольдік іс-шараларды белсенді түрде қолдайды және олардың көп болуына өз үлесін қосады, әрі іс-шараны ұйымдастырушылармен тығыз қарым-қатынас жасай отырып, Қазақстан қалаларында өз бетінше турлар өткізеді.
Билеттердің қарқынды сатылуына байланысты алдағы концерттерге келетін болсақ, екі күн қатарынан – 13 және 14 қыркүйекте Астанада, Astana Arena-да өтетін Димаш Құдайбергеннің көнцертін айтуға болады.
«Бұл әншінің өз концерттерінде 2 күн қатарынан стадионға халықты лық толтыратын қазақ әншісінің тарихындағы тұңғыш концерті болады деп сеніммен айта аламыз. Шын мәнінде қазақстандық ойын-сауық индустриясы үшін айтулы оқиға. Жылдың соңына дейін Қазақстанда тағы да бірнеше қызықты оқиғалардың куәсі боламыз деп үміттенеміз», — деді спикер.