KMF Bank қыркүйек айында жеке тұлғалардан 956 млн теңге депозит тартты. Жаңа банк қыркүйек айында депозиттік портфелін 4,3 есе ұлғайтып, 1,2 млрд теңгеге дейін жеткізді. Бұл туралы Ұлттық Банктің статистикасында айтылған.
Банкте бірнеше депозит түрі бар — жылдық тиімді сыйақы мөлшерлемесі (ЖТСМ) 15,5%-дан 19,5%-ға дейін.
Айта кетсек, тамыз айында жаңа KMF Банк АҚ пайда болған еді. Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігі «KMF МҚҰ» акционерлік қоғамына банк қызметін жүзеге асыруға лицензия берді.
2025 жылдың 12 тамызында лицензия алған жаңа KMF Банкінің таза пайдасы 21,9% азайды. 2025 жылдың алғашқы алты айында банк 4,7 млрд теңге тапса, 2024 жылдың дәл осы кезеңінде 6 млрд теңге пайда көрген.