2024 жылдың үш тоқсанының қорытындысы бойынша құмар ойындар сектордағы қызмет көрсету көлемі 353,6 млрд теңгеге жетті. Төленген ақшаның бәрі жеке тұлғаларға тиесілі, деп жазады статистика бюросы.

Қызмет көрсету саласының бірде-бір сегментінде азаматтар мұндай көлемде ақша жұмсамаған. 

Жеке тұлғалардың жұмсаған ақшасының көлемі бойынша екінші орында жылжымайтын мүлік секторы тұр, онда халық 172,5 млрд теңге төледі. Үшінші орында «Спорт, демалыс және ойын-сауық саласындағы қызмет» 151,9 млрд теңге.

Айтпақшы, бұл 2023 жылы бірінші орында спорт және ойын-сауық сегменті болған, бірақ биыл көрсеткіш 50% азайып, үшінші орынға түсіп қалды.

Құмар ойын сегменті, керісінше, номиналды 24% және салыстырмалы бағамен 11% өсті.