Резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттері 2022 жылғы тамызда 0,8%-ға 28,3 трлн теңгеге дейін ұлғайды (жылдың басынан бері өсім - 4,3%).
Заңды тұлғалардың депозиттері 1,2%-ға, 14,6 трлн теңгеге дейін, жеке тұлғалардың депозиттері - 0,4%-ға, 13,6 трлн теңгеге дейін ұлғайды.
Ұлттық валютадағы депозиттер 2022 жылғы тамызда 1,0%-ға 18,0 трлн теңгеге дейін, шетел валютасында депозиттер - 4,1%-ға 10,3 трлн теңгеге дейін өсті. Нәтижесінде 2022 жылғы 1 қыркүйектегі жағдай бойынша долларлану деңгейі 2022 жылдың басындағы 36,0%-бен салыстырғанда 36,5%-ды құрады.
Базалық мөлшерлеменің артуы аясында қорландыру құны ұлғаяды. Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 2022 жылғы тамызда 12,4% (2021 жылғы желтоқсанда – 7,4%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша – 11,7% (2021 жылғы желтоқсанда – 8,0%) құрады.