Ұлттық банк дерегінше, наурыз айының қорытындысы бойынша, қазақстандықтардың депозиті 38,4 млрд теңгеге азайып, 28,058 трлн теңге болды. Айлық төмендеуге қарамастан, жылдық есепте көрсеткіш 3,8 трлн теңгеге өскен.
Жинақ депозиттері көлемі айтарлықтай қысқарды:
- ұлттық валютада 2,92 трлн теңгеден 2,7 трлн теңгеге дейін;
- шетел валютасында 28,72 млрд теңгеден 27,18 млрд теңгеге дейін.
Мерзімді депозит керісінше өзгерді:
- теңгеде 16,91 трлн теңгеден 17,27 трлн теңгеге дейін өсті;
- шетел валютасында 4,93 трлн теңгеден 4,75 трлн теңгеге дейін аздап төмендеді.
Талап етілгенге дейінгі депозит пен ағымдағы шоттарда да аралас динамика байқалды:
- теңгеде 2,16 трлн теңгеден 2,18 трлн теңгеге дейін өсті;
- шетел валютасында 1,12 трлн теңгеден 1,1 трлн теңгеге дейін азайды.