Наурызда қазақстандық банктердегі жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі 441,7 млрд теңгеге өсті. Бұл көрсеткіштің 2023 жылғы алғашқы өсуі. Қаңтар айында депозиттер 136,2 млрд теңгеге, ақпанда 73,5 млрд теңгеге азайды. 

2023 жылғы 1 сәуірдегі жағдай бойынша екінші деңгейлі банктердегі жеке тұлғалардың депозиттері бойынша 17 триллион 153,3 миллиард теңге сақталған. Бұл барлық уақыттағы жаңа рекорд. Салыстыру үшін: бір жыл бұрын депозиттер көлемі 13,1 млрд теңгеден сәл ғана асқан еді.

Айтпақшы, қазір жеке тұлғалардың депозиттерінің көлемі заңды тұлғалардан 3 триллион теңгеге жуық артық. Бұндай жағдай ешқашан болған емес.

ӨСІМНІҢ СЕБЕБІ

Еске түсетіні бірінші кезекте наурыз айында орын алған депозиттер бойынша мемлекеттік пайыздық төлемдер. 

Екінші фактор – депозиттер бойынша пайыздық мөлшерлеменің жоғары болып қалуы. Ұлттық банктің мәліметінше, наурыз айында екінші деңгейлі банктер теңгедегі депозиттерді 13,5%-бен тартқан. Иә, қаңтардағыдан аз (13,7%), бірақ 2022 жылдың наурызынан (9,9%) әлдеқайда көп. Тұрақты жоғары базалық мөлшерлеменің арқасында.

Үшінші фактор – наурызда теңгенің долларға қатысты шамалы әлсіреуі. Бір айда америкалық валюта бағамы 445,82 теңгеден 451,71 теңгеге дейін өсті. Иә, шетел валютасындағы депозиттердің үлесі азайып келеді, бірақ ол жоғары деңгейде қалып отыр – шамамен 33%. Ал осы кестеге сүйенсек, жалпы ай сайынғы өсімнің 140,6 миллиард теңгесі дәл шетел валютасындағы депозиттерге келеді.

ҚАЙ БАНКТЕРДЕ ҚАНША ӨСТІ

21 банктің 20-сындағы депозит көбедйі. 

Halyk Bank-те барлық депозиттің 30%-дан сәл азы жинақталған. Осы банктегі депозит көлемі ғана төмендеген. 21,9 млрд теңгеге азайды. Алайда банк үшін бұл айтарлықтай байқалмайды: депозиттер 0,4% ғана азайып, 1 сәуірдегі жағдай бойынша 4 трлн 934,5 млрд теңгені құрады.

Ал мына банктер өсім бойынша ең жоғары көрсеткіш көрсеткендер: 

  • Kaspi Bank – 140,3 млрд теңгеге өсіп 3,8 трлн теңгеге жетті; 
  • Еуразиялық банк – 104,3 млрд теңгеге өсіп 911,2 млрд теңгеге жетті;
  • Отбасы банкі – 69,6 млрд теңгеге өсіп 2,3 трлн теңгеден асты.

Наурызда ғана емес, жалпы бірінші тоқсанды алып қарасаңыз, өсім бойынша көшбасшылар бұрынғысынша Отбасы банкі (+157,6 млрд теңге), Kaspi (+120,8 млрд теңге), Еуразиялық банк (+56,4 млрд теңге) болып қалады. Оларға Freedom (+57,3 млрд теңге) қосылды. Ал ең күшті төмендеу Halyk Bank (-202,7 млрд теңге) және Jusan Bank (-33,9 млрд теңге) байқалады.

ҚАЗАҚСТАНДЫҚТАР АҚША ҚАЙДА САҚТАДЫ?

Барлық депозиттердің төрттен үш бөлігі 4 банкке тиесілі: Halyk Bank, Kaspi Bank, Отбасы банкі және BCC (1,9 трлн теңге).