,2022 жылдың бірінші жартыжылдығында ҚР-да қазақстандық және шетелдік эмитенттер шығарған төлем карталарынан 10,3 трлн теңге қолма-қол ақша шешіп алынды. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда көрсеткіш 6,9% өсті, деп хабарлайды ranking.kz.

Карталардағы қаражат айналымының ішінде қолма-қол ақшаны шешім алу үлесі төмендеп келеді. Биылғы қаңтар-маусым айларында көрсеткіш небары 19,1 пайызды құрады. Ескерту: бір жыл бұрын 24,6%, 2020 жылы 37,9% болған еді.

10 теңгенің 9 теңгесін дерлік банкоматтардан алады. 2022 жылдың қаңтар–маусым аралығында төлем карталары арқылы ҚР аумағындағы алынған қолма қол ақша көлемі 9,1 трлн теңгеге жетті, бұл 2021 жылдың сәйкес уақытындағыдан 7,6% көп. Соның ішінде POS-терминалдар үлесі 1,2 трлн теңге — бір жыл бұрынғыдан небары 2% көп.

ҚР өңірлері арасында биылғы жылдың бірінші жартыжылдығында қолма-қол ақшаны алудың ең көп көлемі Алматы қаласына тиесілі: 2,3 трлн теңге. Одан кейін елорда (1,2 трлн теңге) және Қарағанды ​​облысы (762,2 млрд теңге) тұр. Ең аз Солтүстік Қазақстан (218,1 млрд теңге), Ақмола (272,6 млрд теңге) және Батыс Қазақстан (315,4 млрд теңге) облыстарына тиесілі.

Төлем карталары бойынша жалпы айналымдағы қолма-қол ақшаны алу үлесі ең аз Алматыда 10,8%, ал ең көп Солтүстік Қазақстан облысында 37,4%. Сондай-ақ қолма-қол ақшаны алу үлесі Шымкентте (19%), елордада (19,3%) және Атырау облысында (19,7%) аз. ҚР өңірлері арасында қолма-қол ақшаны алудың ең жоғары үлесі Солтүстік Қазақстан облысынан басқа Шығыс Қазақстан (32,9%), Ақмола (32,7%), Қостанай (31,6%) және Павлодар (30,7%) облыстарына тиесілі.