«Қазақстанның Халық банкі» АҚ 2025 жыл қорытындысы бойынша бір жай акцияға 30,10 теңге мөлшерінде дивиденд төлеуді жоспарлап отыр. 

Жалпы төлем көлемі шамамен 328,4 млрд теңгені құрайды. Бұл — банктің 2025 жылғы таза пайдасының (1,058 трлн теңге) 31%-ы.

Шамамен 203,6 млрд теңгені Алмэкс холдингі алады. Ол Тимур Құлыбаеа пен Динара Құлыбаеваға тиесілі.

2024 жылы банк екі рет дивиденд төледі:

— мамырда бір акцияға 29,64 теңге (жалпы 323,4 млрд теңге),

— қыркүйекте бір акцияға 21 теңге (229,19 млрд теңге).

Естеріңізге сала кетейік, 2025 жылы банктің акциясы 44,92% өскен, ал биыл жыл басынан бері шамамен 7,6% өсіп, бүгін Астана уақытымен 12:30-да 399,80 теңге болды.