Halyk Bank I жартыжылдықтағы қаржылық нәтижелерін жариялады.
Halyk Bank (HSBK) 2025 жылдың алғашқы алты айы мен екінші тоқсанына қатысты қаржылық есептерін ұсынды. Банк көрсеткіштері өткен жылмен салыстырғанда айтарлықтай өсім көрсетіп отыр.
Нәтижелері, I жартыжылдық 2025 (жылдық салыстыру):
- Таза пайыздық табыс ₸434,8 млрд-тан ₸574,1 млрд-қа дейі +32% өсті
- Таза пайда ₸379 млрд-тан ₸525,6 млрд-қа дейін ұлғайды (+38,6%).
- Бір акцияға шаққандағы пайда (EPS) – ₸48,54 (2024 жылғы көрсеткіш – ₸34,7).
Нәтижелері, II тоқсан 2025 (жылдық салыстыру):
- Таза пайыздық табыс ₸206 млрд-тан ₸275,9 млрд-қа дейін өсті (+33,9%).
- Таза пайда ₸201,1 млрд-тан ₸253,5 млрд-қа жетті (+26%).
- Бір акцияға шаққандағы пайда (EPS) – ₸23,25 (2024 жылғы көрсеткіш – ₸18,45).
Банк акционерлеріне дивиденд төлеу мәселесін қарастыру үшін 2025 жылдың 22 қыркүйегінде кезектен тыс акционерлер жиналысын өткізуді жоспарлап отыр. Банк директорлар кеңесі жай акциялар бойынша әр акцияға ₸21 көлемінде дивиденд төлеуді ұсынды.
- Кезең: 2024 жыл (алдыңғы жылдардағы бөлінбеген таза кірістен);
- Тізімді бекіту күні: 23 қыркүйек 2025 жыл (Алматы уақытымен 00:00);
- Төлем басталуы: 25 қыркүйек 2025 жыл.
2025 жылғы 18 тамыздағы сауда қорытындысы бойынша Halyk Bank акциялары ₸369 деңгейінде жабылды. Осылайша жоспарланған дивиденд ағымдағы бағаға шаққанда 5,6% дивидендтік кірістілікке тең.