2023-2025 жылдарға арналған ғылымның жалпы бюджеті алдыңғы үш жылдық кезеңмен салыстырғанда 3,3 есе 643 млрд-қа дейін өскен.

Бұл ретте 2024-2026 жылдарға көзделген бюджет тағы 13% өсіп, шамамен 730 млрд теңгені құрайды.

Жүргізіліп жатқан жұмыс аясында іргелі зерттеулерді жүзеге асыратын ғылыми институттарға қосымша қаржыландыру бөлінді.

Сондай-ақ жас ғалымдарды қолдау айтарлықтай күшейтілді – бүгінде олар 727 ғылыми жобаны жүзеге асыруда.

Ғылыми және ғылыми-техникалық қызметті коммерцияландыруды ынталандыру шараларының бірі – гранттық қаржыландыруды ұсыну.

Өткен бірнеше жыл ішінде мұндай жобалардың елдің ғылыми-техникалық дамуына қосқан жалпы үлесі 68,6 млрд-ты құрады.

2023-2025 жылдарға осы бағыт бойынша 62,1 млрд бөлінді, бұл өткен жылдардағы қаржыландыру көлемінен екі есе артық.

2023-2025 жылдарға арналған бағдарламалық-нысаналы қаржыландыру аясында ғылыми-технологиялық инфрақұрылымды қалыптастыруға 16 млрд теңге бөлінген.

Жалпы 2029 жылға дейін 7 мамандандырылған инжиниринг орталығы мен ғылыми-технологиялық парк ашу жоспарланып отыр.