Өткен жылдың соңында 70 доллар айналасында болған мұнай бағасы жыл басынан бергі төрт айда күрт арзандап, сәуірдің соңында 21 долларға дейін төмендеген еді. Алайда, Қытайдың корновирус дертінен айыға бастауы өндіріс орындарын қалпына келтіріп, мамыр айында Пекин тарихтағы рекордтық деңгейде мұнай импорттады. Нәтижесінде бір айда қара алтын құны 40 доллардан асты.
Осы апта басында да мұнай қымбаттай түсіп, 43 долларға жеткенімен, кеше қайтадан 40 долларға арзандап кетті. Нәтижесінде 450 долларға жақындаған доллардың теңгеге шаққандағы бағамы бірер күн бұрын 400 доллардан төмен түскен.
Сарапшылардың көпшілігі мұнайдың осы қымбаттағаны қымбаттаған деген болжам айтқанымен, Goldman Sachs болжамынша, алдағы уақытта мұнай бағасы тағы да арзандауы ықтимал. Нақтырақ айтқанда, банк сарапшылары қара алтынның 35 долларға дейін арзандайтынын айтады.
Естеріңізге сала кетейік, ОПЕК+ келісімі бойынша шілде айының соңына дейін мұнай экспорттаушы елдер өндірісті азайтады. Одан кейінгі экспорт көлемі алдағы жиындарда талқыланбақ.