Goldman Sachs инвестициялық банкі Брент маркалы мұнай құны жыл соңына қарай 90 долларға жетеді деп болжайды.
Дэмиен Курвалин бастаған банк сарапшылары осындай жорамал айтып отыр.
«Мұнайдың қымбаттауына басты себеп сұраныстың артуы. Қазір сұраныс біз ойлағаннан аз және ұсыныс әлі де болса көп. Дегенмен жаһандық экономика қарқынды қалпына келе жатыр. Нәтижесінде сұраныс ұсыныстан асып кетуі мүмкін», – Goldman Sachs сарапшылары.
Қыркүйектің 27-сі күнгі сағат 11:00-де Брент бағасы $78,18 болды.
Бұған дейін Bank of America 2022 жылы мұнай бағасы 100 долларға жетуі мүмкін деп болжаған еді.