Газдың 95%-ын жалғыз QazaqGas компаниясы иеленіп отыр

Мұнай-газ саласындағы монополияны жоюдың жолы қандай?

Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігінің төрағасы Серік Жұманғарин монополиялық тауар нарықтарын, топтар мен операторларды кешенді талдау нәтижелері туралы айтты. Атап айтқанда, мұнай және мұнай өнімдері нарығында тіке интеграцияланған компаниялар туралы мәлімдеді.

Мұнай өнімдерінің көтерме сауда нарығындағы баға белгілеу нарықтық емес сипатқа ие. Тікелей шарттар қолданылады, биржалық сауда ішкі нарықтың жалпы көлемінің 10%-ына ғана таралады.

Мұндай жағдайларда ірі мұнай жеткізушілердің маржиналдылығы 30%- ға, ал үлестес делдалдарда - 10-15%-ға жетеді.

Сонымен қатар, 2021 жылы мұнай өнімдері: битум, бензин, дизель отыны, авиакеросинмен биржалық сауда-саттық басталды.

Бұл нарықта Бәсекелестікті қорғау және дамыту агенттігі нарықтың жаңа тетігін, мұнай бағасын және оны ішкі нарыққа жеткізу көлемін мемлекеттік реттеуді енгізуді ұсынды, бұл орталықтандырудың алғашқы кезеңдерінде бағаның тұрақтылығын қамтамасыз етеді, мұнайды биржада пилоттық режимде 5-10%-ға сату, бұл шағын және тәуелсіз компаниялардың дамуына мүмкіндік береді. Бұдан басқа, нарықтың қолданыстағы құрылымынан қайталама көтерме саудада жеткізуші тұлғасындағы артық делдалдық буынды (олардың қуаттары шегіндегі мұнай базаларын қоспағанда) алып тастау ұсынылады.

Жүргізілген талдау деректері бойынша, тауарлық газ нарығында газды басымдықпен сатып алуға монополиялық құқығы бар «QazaqGaz» АҚ 95% ұсынылған. Мұнда сатудың барлық кезеңдерінің бағаларына мемлекеттік реттеу қолданылады - жер қойнауын пайдаланушыдан газ сатып алу, көтерме және бөлшек сауда, газ тасымалдау.

Тауарлық газды тасымалдау нарығында магистральдық газ құбырлары мен тарату желілері бойынша қызметтер көрсететін табиғи монополия субъектілері қатысады. Мұнда табиғи монополиялар субъектілері шығындарының 35%-ы тарифтерді негіздеу кезінде нақты шығындар туралы деректерді емес, газ құбырларын техникалық пайдалануды аутсорсингке беру және шарттар ұсыну арқылы мемлекеттік тарифтік реттеуден шығарылды. Нәтижесінде, 2019 жылдан бастап 2021 жылға дейін осы жұмыстардың құны 5,4-тен 7,7 млрд. теңгеге дейін немесе 42,7%-ға ұлғайды.

Серік Жұманғарин тауарлық газды бөлшек саудада өткізу нарығында нарықты монополиясыздандыру процесі басталғанын атап өтті. Алайда, «ҚазТрансГаз Аймақ» АҚ сатып алатын бөгде ұйымдардың қызметтеріне бәсекелестік қолжетімділік жоқ.

Жалпы, негізгі тауар нарықтарына жүргізілген талдау нәтижелері бойынша теміржол жүк, авиа, қалаішілік жолаушылар тасымалы, байланыс нарықтарын қоса алғанда, оларды монополиясыздандыру бойынша ұсыныстар айтылды. Дөңгелек үстелге қатысушылар барлық ұсыныстарды талқылауға белсене қатысты.