2023 жылы Қазақстанда 3,3 мыңнан астам жанармай құю станциялары жұмыс істеді, бұл 2022 жылмен салыстырғанда 5,9% артық (3,1 мың бірлік). Станциялар Түркістан (273), Ақмола (262), Жамбыл (253) облыстарында ең көп.
Сондай-ақ бір жыл ішінде газ құю станцияларының саны 17,8% өскен – 2,2 мыңнан 2,6 мың бірлікке дейін. Газ құю станцияларының саны бойынша да Түркістан облысы көш бастап тұр – 289 бірлік, одан кейін Маңғыстау (236 бірлік), Қызылорда (226 бірлік) және Жамбыл (226 бірлік) облыстары.
Айта кетейік, өңірлер бөлінісінде бензинмен және газбен жүретін көліктер ең көп Алматы қаласында, тиісінше 548 мың және 3 мың бірлік. Сондай-ақ аралас отынмен жүретін автомобильдер санатын атап өтуге болады, өңірлер арасында ондай көліктер ең көп Маңғыстау облысында тіркелген – 90 мың (аралас отынмен жүретін автомобильдердің 22%-ы).