«Фридом Финанс» АҚ «Самұрық Қазына» АҚ-ның $500 млн еурооблигациясының дебютті орналастыруының алғашқы қазақстандық менеджерлерінің бірі болды, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
2021 жылдың 21 қазанында Қазақстан қор биржасы (KASE) мен Astana International Exchange (AIX) алаңында АҚШ долларындағы «Самұрық-Қазына» АҚ қамтамасыз етілмеген қарызының бес жылдық халықаралық облигацияларының дебюттік орналастырылуына қатысуға өтінім қабылданды.
KASE мен AIX алаңында әлеуетті инвесторлардан өтінім қабылдау шетелдік мемлекеттер аумағында аталған құнды қағаздарды орналастырумен бір уақытта болды.
Қазақстандық инвесторлардан келіп түскен өтінім көлемі 216 млн АҚШ долларына тең болды. Өтінім кітабын қарау қорытындысы бойынша осы орналастыру бойынша табыстылық деңгейі жылдық 2,25% болды.
Еурооблигациялар көлемі 500 млн АҚШ долларын құрады және купондық мөлшерлеме жылдық 2,00% болды.
Инвесторлардан түскен өтінімдер бойынша есептер 2021 жылдың 28 қазанында белгілі болады.
Шығарылымның ең үлкен бөлігі (43%) KASE мен AIX арқылы өтінім берген қазақстандық инвесторлардың сұранысын қанағаттандыру аясында орналастырылды. Қалған бөлігі Ұлыбритания (19%), Еуропа (Ұлыбританияны санамағанда) (18%), АҚШ (16%) және Азия (4%) инвесторларына тиесілі.
Жалпы орналастыруға 70 халықаралық инвестор қатысты.
Алдыңғы қатарлы қазақстандық менеджерлер мен букраннерлер ретінде «Фридом Финанс» АҚ мен «First Heartland Securities» АҚ қатысты. Халықаралық банктер Citigroup Global Markets Limited, MUFG Securities EMEA plc, UBS AG London Branch, VTB Capital plc бірлескен алдыңғы қатарлы менеджерлер мен букраннерлер ретінде қатысты.
Қарыз қағаздары ағылшын заңнамасына сай және 144А Ереже (Rule 144A) мен S (Regulation S) бабына сай шығарылды.
S&P Global Ratings пен Fitch Ratings агенттіктерінің бағалауынша, аталған еурооблигациялық орналастырудың рейтингі тиісінше «ВВВ-» және «ВВВ» деп күтіледі.
Еурооблигациялар бойынша есеп айырысудан кейін эмитент KASE мен AIX алаңдарында листингтеледі деп жоспарланған.
Сонымен қатар еурооблигациялар London Stock Exchange (LSE) ресми тізіміне енгізілмек.
Еурооблигацияларды орналастырудан түскен қаражат синдикатталған және банктік қарыз, жалпыкорпоративті мақсатта қаржыландыру бойынша эмитент қарызын қайта қаржыландыруға жұмсалмақ.
«Бұл шығарылым «Фридом Финанс» қатысқан құнды қағаздардың ең ірі шығарылымы ғана емес, сонымен қатар биылғы жылғы қазақстандық эмитенттің ірі долларлық еурооблигация орналастыруының бірі. Айта кету керек, «Самұрық-Қазына» АҚ дебютті орналастыруда қатысушылардың келісімді іске асыруға дұрыс стратегия қолдануы арқасында жоспарланған шығарылым көлемінен сұраныстың шамамен үш есе асқанымен қатар, осындай деңгейдегі ұйымдардың құнды қағаздарының саудасын өткізуінен арзанырақ орналастыруға мүмкіндік берген жіңішке спрейді қамтамасыз етті. «Фридом Финанс» үшін осы келісімге қатысу ғана емес, сонымен қатар қазақстандық инвесторлардың жоғары белсенділігі өте бағалы. Қазақстандық инвесторлар батыстық инвестициялық банктерге сатып алу көлемі мен баға параметрлері бойынша айтарлықтай бәсекелес болғаны қуантады. Біздің ойымызша, қазақстандық инвесторлардың қатысу көлемі, аллокация көлемі жағынан ең сәтті орналастыру. Аллокация көлемі, біздің есебімізше, жергілікті нарықтың қатысуына минималды шек 20%-дан асып қана қоймай, олардың сұраныстарын қанағаттандыруға да жетті.
«Фридом Финанстың» осы орналастыруға қатысуы халықаралық облигациялардың шығарылуы мен орналастырылуына қатысты ұйымдастырушылар мен букраннерлердің бірі ретінде алғаш қатысуы қор нарығының маңызды оқиғасы аясында өткені маңызды. Осы оқиға мен орналастыру нәтижелері «Фридом Финанстың» инвестициялық банк ретінде әділ бағалануы тұрғысынан сенімділік беріп, осы бағыттағы жұмысты одан ары кеңейтуге ынталандырады», дейді Freedom Holding Corp. Бас атқарушы директоры Тимур Турлов.