«Фридом Финанс» АҚ-да 2023 жылдың 30 қыркүйегіндегі қорытынды активтер 2022 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 144,2 млрд теңгеге (70,3%) ұлғайып, 349,4 млрд теңгеге жетті. Бұл өсімге бағалы қағаздар портфелінің 114,8 млрд теңгеге немесе 88,9% ұлғаюы нәтижесінде қол жеткізу мүмкін болды.

2022 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда міндеттемелер 107,3 млрд теңгеге немесе 125,9%-ға өсті. Бұл тікелей РЕПО бойынша операциялардың 113,4 млрд теңгеге немесе 149,7%-ға ұлғаюына байланысты.

Меншікті капитал 36,8 млрд теңгеге немесе 2022 жылдың 31 желтоқсанымен салыстырғанда 30,7% өсті.

2023 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған тоқсандағы таза кіріс 2022 жылғы 30 қыркүйекте аяқталған осы тоқсандағы көрсеткішпен салыстырғанда 0,97 млрд теңгеге немесе 30,2% ұлғайды. Бұл келесі көрсеткіштердің өсуіне байланысты:

  • өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын қаржы активтері құнының өзгеруінен таза кірістер – 4,7 млрд теңгеге немесе 801,4%;
  • қаржы активтерін сатып алу-сатудан түскен таза кірістер – 1,2 млрд теңгеге немесе 131,9%;
  • шетел валютасымен операциялардан түскен кірістер – 0,8 млрд теңгеге немесе 733,1%.
  • операциялық шығыстар – 3,2 млрд теңгеге немесе 240,5%;
  • сыйақы төлеуге байланысты таза шығыстар – 2,4 млрд теңгеге немесе 242,1%.

Негізгі сандық көрсеткіштер:

  • Жарғылық капитал – 92,8 млрд теңге.
  • 2023 жылдың 1 қазанындағы шоттардың жалпы саны – 85 мыңнан астам.
  • 2023 жылғы үшінші тоқсандағы мәмілелер саны – 258 мыңнан астам.
  • 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша компания – Қазақстан қор биржасында сатылатын бағалы қағаздардың 104 атауы, Astana International Exchange-де 7 атауы бойынша ресми маркетмейкер.

Freedom Finance Global PLC-та 2024 жылдың 2 тоқсанында компанияда 13 мыңнан астам шот ашылып, 2,9 млн астам мәміле жасалды. 2023 жылдың 1 қазанындағы жағдай бойынша ашылған шоттардың жалпы саны – 132 мыңнан астам, бағалы қағаздармен 14,5 миллионнан астам мәміле жүзеге асырылды.