Freedom Holding Corp. (NASDAQ: FRHC) құрамына кіретін Freedom Yatırım Menkul Değerler A.Ş. Түркияның Капитал нарықтары кеңесінен (Capital Markets Board ofTürkiye, CMB) брокерлік қызметті жүзеге асыруға лицензия алды. Ол Түркияда соңғы 34 жыл ішінде мұндай рұқсатқа ие болған кең өкілеттіктері бар алғашқы шетелдік брокерлік компания болды.
Freedom Yatırım компаниясының түрік нарығына шығуы тек брокерлік қызметтерді дамытуды ғана емес, сонымен қатар Түркияны Freedom Holding Corp. халықаралық инфрақұрылымына интеграциялауды көздейді. Компания өзінің TraderNet сауда платформасы негізінде түрік инвесторларының әлемдік капитал нарықтарына қолжетімділігін кеңейтуді және түрік және халықаралық қаржы нарықтары арасындағы тығыз өзара іс-қимылды қамтамасыз етуді жоспарлап отыр.
Өз кезегінде, бұл Түркиядағы инвесторлар үшін топтың жаһандық брокерлік мүмкіндіктері есебінен халықаралық нарықтарға біртіндеп қол жеткізуді білдіреді.
Freedom Yatırım өз шешімдерін Стамбул қор биржасымен (Borsa İstanbul) интеграциялап үлгерді, бұл әртүрлі нарықтарда 870 мыңнан астам клиенттік шоттарға қызмет көрсететін Freedom Holding Corp. халықаралық брокерлік желісіне түрік нарығындағы инвестициялық мүмкіндіктерге қол жеткізуге мүмкіндік береді. Бұл ынтымақтастық Түрік Республикасының капитал нарығына халықаралық қатысуды кеңейтуге және Borsaİstanbul мен әлемдік нарықтар арасындағы байланыстарды нығайтуға ықпал ететін болады.
Freedom Holding Corp. ауқымдырақ стратегиясының шеңберінде Freedom Yatırım және Freedom Bank компаниялары топтың капитал нарықтарындағы және банк секторындағы мүмкіндіктерін бірқатар lifestyle-сервистермен бірыңғай цифрлық платформада біріктіреді.
«Түркияда лицензия алу – бұл реттеуші тарапынан көрсетілген үлкен сенімнің белгісі және біздің халықаралық операцияларымыз шеңберінде қалыптастырған орнықтылығымыздың көрінісі.
Freedom Holding Corp. компаниясының Түркиядағы ауқымдырақ стратегиясы Freedom Bank және FreedomYatırım негізінде интеграцияланған цифрлық қаржылық экожүйе құруды көздейді. Бұл ретте біз топтың Қазақстандағы тәжірибесіне сүйенетін боламыз, онда банктік, инвестициялық және күнделікті цифрлық сервистерді бірыңғай платформа аясында біріктіретін Freedom SuperApp суперқосымшасы адамдардың күнделікті өмірінің ажырамас бөлігіне айналып үлгерді. Түркияда біз банктік, брокерлік және басқа да қаржылық қызметтерді тұрмысқа қажетті сервистермен бірыңғай, жіксіз цифрлық ортада біртіндеп біріктіре отырып, бұл модельді жергілікті нарықтың қажеттіліктеріне бейімдеуді жоспарлап отырмыз», — дейді Freedom Holding Corp. бас атқарушы директоры Тимур Турлов.
Лицензия алу Freedom Yatırım үшін маңызды кезең болды, компания жұмысты бастауға дайындықты жалғастыруда. Қазіргі уақытта жүйелерді кешенді тестілеу жүргізіліп жатыр және операциялық дайындықты қамтамасыз ету аяқталуда. Бұл түрік нарығының талаптарына және жергілікті инвесторлардың қажеттіліктеріне сәйкес келетін инвестициялық сервисті іске қосуға мүмкіндік береді.