Bloomberg басылымы қазақстандық Freedom Holding Corp. компаниясы TurkishBank AS-ты сатып алу жөнінде келіссөз жүргізіп жатқанын жазды. Банктің баспасөз қызметі НАРЫҚ редакциясына түрік банкін сатып алатынын растады, алайда қарастырылып отырған банктер туралы ақпаратты жария етуге дайын емес екенін мәлімдеді.

«Қазіргі уақытта біз келіссөздер жүргізіп жатырмыз және жалпы Холдингтің Түркия нарығындағы дамуына, оның ішінде цифрлық банкімізді кеңейтуге қызығушылық танытып отырмыз. Алайда қарастырылып отырған банктер мен келіссөздердің егжей-тегжейін жария етуге дайын емеспіз», – деді Freedom Holding Corp. баспасөз қызметі.

Айта кетсек, Freedom Bank Грузияда еншілес банк ашуға Қаржы нарығын реттеу және дамыту агенттігінен рұқсат алды. Келесі кезең – FBG Сompany JCS атты арнайы компанияны тіркеу. Ол Грузия Ұлттық Банкінен цифрлық банк лицензиясын алуға уәкілетті болады.

Сондай-ақ Kaspi.kz қаржы технологиясы компаниясы голландиялық Rabobank тобының еншілес банкі түріктің Rabobank A.Ş-ты сатып алатыны хабарланған еді. Компания келісімге қол қойды. Мәміленің жабылуы қажетті реттеуші рұқсаттарды алғаннан кейін және барлық шарттарды орындағаннан кейін күтілетіні атап өтілді. Мәміленің құны мен Kaspi.kz-тің алатын үлесі белгісіз.