S&P Global Ratings халықаралық агенттігі «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Global PLC, Freedom Finance Europe Ltd және "Банк Фридом Финанс Қазақстан" АҚ эмитенттерінің ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтерін B -  деңгейінен  B деңгейіне дейін көтерді.

Freedom Holding Corp. (FRHC) ұзақ мерзімді кредиттік рейтингтері B- деңгейінде расталды. Компаниялардың рейтингтерінің өзгеру болжамы — «Тұрақты».

Агенттік орерациялық еншілес компаниялардың қысқа мерзімді кредиттік рейтингтерін де B деңгейінде растады.

«Фридом Финанс» АҚ-тың және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ-тың рейтингтері kzBB деңгейінен kzBB+ деңгейіне дейін көтерілді.

«S&P Global Ratings ресми хабарламасында: «Санкциялармен байланысты FRHC үшін тәуекелдер топтың ресейлік еншілес компанияларын ойдағыдай сатқаннан кейін біршама азайды деп санаймыз. Сол уақытта Холдинг негізгі клиенттерді сақтап, оларды Freedom Finance Global-ға көшіре алды. Нәтижесінде, 2022 жылғы 31 желтоқсандағы жағдай бойынша деректерге сәйкес, топтың 2022 жылғы 31 наурыздағы жағдай бойынша 225 мың шотпен салыстырғанда оң теңгерімі бар  шамамен 196 мың шоты қалды, біз оны сәл ғана азайды деп санаймыз. Жалпы алғанда, FRHC тобы 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған тоғыз ай ішіндегі капиталдың кірістілігі 30%-дан асатын жоғары табыстылықты сақтап қалды», делінген.
 
Құжатта агенттік сондай-ақ FRHC компаниясының бірігу және қосылу белсенділігіне қарамастан, барабар капитал деңгейін сақтауы мүмкін екенін атап өтті.

«FRHC, «Фридом Финанс» АҚ, Freedom Finance Europe Ltd, Freedom Finance Global PLC және «Банк Фридом Финанс Қазақстан» АҚ рейтингтері бойынша «Тұрақты» болжам алдағы 12 - 18 айда топ пайда табудың жоғары қабілетін сақтайды деген үмітімізді көрсетеді, бұл ретте активтерді сатып алу кезінде капиталдандырудың кем дегенде барабар көрсеткіштеріне қолдау көрсетеді», деп атап өтті агенттік.