Қазан айында Euroclear Bank қабылдау комиссиясы Freedom Holding Corp. компаниясының өз қызметін Еуропада жүргізетін Freedom Finance Europe Ltd. еншілес компаниясының тікелей мүшелік өтінімін мақұлдады. Енді компания клиенттері жетекші халықаралық орталық бағалы қағаздар депозитарийінде жоғары сапалы биржалық инфрақұрылымды пайдалана алады.
«Euroclear-ға тікелей мүшелікке өту бүкіл холдинг үшін кеңею және кемелдену жолында тағы бір маңызды жетістік әрі жаңа қадам болды. Бұл шара қатарынан тоғыз айға созылды, алайда енді біз Кипрде Euroclear-ға тікелей мүшелікке өткен, банк емес сектордың ішіндегі бірден бір компаниямыз. Компания клиенттері үшін бұл сенімділік пен сенімнің тағы бір кепілі», дейді Freedom Holding Corp СЕО-сы Тимур Турлов.
Еске сала кетейік, тамыз айында S&P Global Ratings рейтингілік агенттігі Freedom Finance Europe Ltd. компаниясына ұзақ мерзімді міндеттемелер эмитентінің «В» деңгейлі рейтингісін берді.
Компания бойынша болжам «Тұрақты». Осымен қатар, компанияға қысқа мерзімді міндеттемелер эмитентінің «В» деңгейлі рейтингісі де берілді.
Соңғы жылы Freedom Finance Europe Ltd. компаниясының Еуропадағы орны нығайып, кеңейіп келеді. Соңғы деректер бойынша, компания 70 мыңнан астам клиент шотына қызмет көрсетеді, олардың басым бөлігі Еуроодақ елдерінің азаматтарына тиесілі.
Клиенттерге ыңғайлы болуы үшін, компанияның барлық сервисі мен платформасы 25 еуропа тілінде орналастырылған. Бұдан бөлек, 2019 жылы Германияда ашылған офиске қоса, ағымдағы жылы Грецияда өкілдікті офисі ашылды. Жоспарымызда – компаниялардың ЕО-ның басқа да елдерінде нақты ашылуын қамтамасыз ету.
Айта кетейік, Euroclear халықаралық есептік жүйесі 1968 жылдан бастап қолданылады. Депозитарийде сақталатын активтер бүгінгі күні 32,8 триллион еуроға бағаланады. Euroclear өз клиенттері үшін бағалы қағаздармен жасайтын мәмілелер сомасы жылына 897 триллион еуродан астам.
Freedom Holding Corp. бұл – өзінің Freedom Finance еншілес компаниялары арқылы қаржы қызметін, бөлшек брокерлік операцияларды, инвестиция мәселелері бойынша консультация беруді, бағалы қағаздар сауда-саттығын, инвестициялық-банктік және андеррайтингтік қызметтерді жүзеге асыратын холдинг. Компания Қазақстан қор биржасының (KASE), Astana International Exchange (AIX), Мәскеу биржасының (MOEX), Санкт-Петербург биржасының (SPB), «Тошкент» республикалық қор биржасының (UZSE) және Украина биржасының кәсіби қатысушысы болып табылалы.
Компанияның бас офисі Қазақстанда, Алматыда орналасқан, ал оның әкімшілік офистері Ресейде және АҚШ-та орналасқан. Компанияның Қазақстанда, Ресейде, Қырғызстанда, Украинада, Германияда, Әзірбайжанда және Кипрде филиалдары бар. Бүгінгі күні Холдингтің жай акциялары Nasdaq Capital Market биржасында, Қазақстан қор биржасында, Санкт-Петербург биржасында және Украина биржасында саудаланады.