«Фридом Финанс» АҚ-тың жеке (шоғырландырылмаған) қаржылық есептілігінің негізгі қаржылық көрсеткіштері:
1. 2022 жылғы 31 желтоқсанға арналған қорытынды активтер 2021 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 85,6 млрд теңгеге (71,5%) ұлғайды және 205,2 млрд теңгені құрады. Бұл активтердің өсуі:
- бағалы қағаздар портфелінің 55,5 млрд теңгеге немесе 75%-ға өсуінің;
- басқа заңды тұлғалардың капиталына инвестициялардың және реттелген борыштың 26,4 млрд теңгеге немесе 65%-ға өсуінің;
2. 2021 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда міндеттемелер 53,3 млрд теңгеге немесе 167%-ға өсті. Себебі:
- тікелей РЕПО бойынша операциялардың 45,2 млрд теңгеге немесе 148,3%-ға;
- өзге міндеттемелердің 6,8 млрд теңгеге немесе 784,7%-ға ұлғайды.
3.Меншікті капитал 2021 жылғы 31 желтоқсанмен салыстырғанда 32,2 млрд теңгеге немесе 36,7%-ға өсті.
4. 2022 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы таза кірістің 12,1 млрд теңгеге немесе 2021 жылғы 31 желтоқсанда аяқталған жылдағы таза кіріспен салыстырғанда 134,9%-ға ұлғаюы мыналардың:
- өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын, көбіне бағалы қағаздар бойынша сыйақы алуға байланысты кірістердің 10,3 млрд-қа немесе 149%-ға;
- комиссиялық кірістердің 6,8 млрд теңгеге немесе 132,5%-ға;
- өзгерістері пайда немесе залал құрамында көрсетілетін әділ құн бойынша бағаланатын, қаржы активтері құнының өзгеруінен түсетін таза кірістердің 5,9 млрд теңгеге немесе 313%-ға;
- сыйақы төлеуге байланысты шығыстардың 2,5 млрд теңгеге немесе 54,6%-ға;
- қаржы активтерін сатып алу-сату бойынша шығыстардың 2,7 млрд-қа немесе 94,3%-ға;
- операциялық шығыстардың 4 млрд теңгеге немесе 205,3%-ға
Негізгі сандық көрсеткіштер
- Жарғылық капитал – 66,8 млрд теңге
- 2022 жылғы төртінші тоқсанда ашылған шоттардың саны - 861
- 01.01.2023 жылға арналған шоттардың жалпы саны – шамамен 83 000
- 2022 жылғы төртінші тоқсандағы мәмілелердің саны – 238 мыңнан астам
- 01.01.2023 ж. жағдай бойынша компания Қазақстан қор биржасында саудаланатын бағалы қағаздардың 84 атауы бойынша, 7 атауы бойынша – Astana International Exchange-де ресми маркетмейкер.
2022-фискалдық жылғы үшінші тоқсандағы Freedom Finance Global PLC қорытындылары – 2022 жылғы қазан – желтоқсан кезеңінде компанияда 29 443 шот ашылды, 2 141 498 мәміле жүргізілді.
2023 жылғы 1 қаңтардағы жағдай бойынша шоттардың жалпы саны - 89 281 шот, 5 504 716 мәміле жүзеге асырылды.