ҚР Ұлттық Банкі Антифрод-орталығы Freedom банкті қатарынан екінші жыл марапаттады — бұл жолы біз «Жылдың антифрод-серіктесі» және «Антифрод-орталықтың дамуына қосқан үлесі үшін» номинацияларында үздік деп танылдық.
Freedom Банкі ҚР Ұлттық Банкінің Антифрод-орталығынан бірден екі марапатқа ие болды. Биыл банк қаржылық алаяқтыққа қарсы іс-қимыл механизмдерін құруға және дамытуға белсенді қатысқаны үшін «Жылдың антифрод-серіктесі» және «Антифрод-орталықтың дамуына қосқан үлесі үшін» номинацияларында үздік деп танылды.
Айта кетейік, биыл барлығы төрт номинация жарияланса, соның екеуін Freedom жеңіп алды. Осылайша, банк қоржынындағы Антифрод-орталық марапаттарының саны үшке жетіп отыр. Еске сала кетсек, былтыр Freedom «Жыл қайтарымы» аталымында үздік шыққан болатын».
Марапаттарды Central Asia Fintech Summit 2026 аясында өткен салтанатты рәсімде Қазақстан Республикасы Ұлттық Банкі Төрағасының орынбасары Бинұр Жәленов, Қазақстанның Ұлттық төлем корпорациясының Басқарма Төрағасы Жанар Самаева және Verigram компаниясының негізін қалаушы Асанәлі Байғожин табыс етті.
«Бұл марапаттар біз үшін өте маңызды, себебі олар клиенттерді қорғау жүйеміздің тек жекелеген жағдайларда ғана емес, жүйелі түрде әрі жан-жақты жұмыс істейтінін дәлелдейді. Бүгінде банк ішіндегі антифрод — мінез-құлық талдауын, ML-модельдерді, жасанды интеллект, графтық талдау мен жедел әрекет етуді қамтитын кешенді жүйе. Біз клиенттердің әдеттен тыс әрекеттерін ерте бастан анықтау технологияларын ерекше дамытып жатырмыз. Ал графтық талдау өзара байланыстарды тауып, алаяқтықтың тұтас тізбектерін әшкерелеуге көмектеседі», — деп атап өтті Freedom Банк Директорлар кеңесінің мүшесі Айдос Жұмағұлов.
«Қаржылық алаяқтыққа пәрменді тосқауыл қою жүйелі тәсілді талап етеді: оған ортақ инфрақұрылым, жедел дерек алмасу және барлық қатысушының үйлесімді іс-қимылы қатысты. Екі жыл ішінде Ұлттық антифрод-орталық 270-тен астам ұйымның басын қосқан тиімді диалог алаңына айналды. Ендігі меже — тәуекелдерді әлдеқайда ерте анықтап, азаматтарға қаржылық залал келгенге дейін алаяқтық операциялардың алдын алатын тетіктерді жетілдіру. Ал «Antifraud Awards» осы ортақ іске нақты үлес қосып жүргендердің еңбегін айқындайды», — деп атап өтті «Ұлттық төлем корпорациясы» Басқарма төрайымы Жанар Самаева.
ҚР ҰБ Антифрод-орталығы - Қазақстан Республикасының Ұлттық Банкі алаяқтық транзакцияларға қарсы іс-қимыл жасау мақсатында іске қосқан жүйе. Оның негізгі міндеті - күдікті транзакциялар туралы деректерді жинау және талдау, алаяқтықты нақты уақыт режимінде анықтау, бұғаттау және алдын алу.
ҚР ҚНРДА-ның банктік және өзге де операцияларды жүзеге асыруға арналған 07.07.2026ж. № 1.1.551.129 әмбебап банктік лицензиясы.
12.06.2024 ж. берілген №1.2.253/45 бағалы қағаздар нарығында қызметті жүзеге асыруға арналған ҚНРДА лицензиясы.