ForteBank компаниясының Home Credit Bank акцияларының 100%-ын сатып алу жөніндегі мәмілесі кейінге қалдырылды. Бұл туралы ақпарат AIX сайтында жарияланған хабарламада айтылған.
Құжаттарда ForteBank 2025 жылғы 29 қазанға жоспарланған акционерлердің жалпы жиналысын 2026 жылғы ақпан айына ауыстырғаны көрсетілген.
Дәл осы жиналыста акционерлер Home Credit Bank-ті сатып алу және біріктіру мәселесін талқылап, бекітуге тиіс болатын. Осылайша, Home Credit Bank енді ForteBank құрамына кем дегенде 4 айдан кейін ғана кіреді.
Сонымен қатар ForteBank-тің ресми хабарламасында жиналыстың кейінге шегерілу себебі көрсетілмеген.