FlyArystan қазақстандық лоукостері өзінің әуе флотын толықтыруды жалғастыруда. Әуекомпания Airbus A320 NEO және Airbus A320 CEO екі әуе лайнерін иеленді, олардың сыйымдылығы сәйкесінше 188 және 180 орындықты құрайды. Енді FlyArystan флоты Airbus отбасының 22 ұшағынан тұрады.
«Жаңа әуе лайнерлерінің келуі әуекомпанияның ішкі және халықаралық маршруттар желісін одан әрі кеңейтуіне ықпал ете отырып, Қазақстан ішінде және шет елдерге әуе тасымалдарын дамытуға деген ұмтылысымызды көрсетеді. Осы жазда біз Бішкек, Баку және Ыстамбұл қалаларына халықаралық рейстерді қайта іске қосып, жиілігін арттырдық. Сондай-ақ, Қазақстанның барлық өңірлеріндегі сұранысты қанағаттандыру үшін ішкі нарықта кеңеюді жалғастырудамыз. Ішкі әуе қатынасы қарқындылығының өсуі FlyArystan-ның туризмді, бизнесті және әлеуметтік өмірді дамытуға серпін беретін негізгі құндылықтарының бірі», — дейді FlyArystan президентінің міндетін атқарушы Ричард Леджер.
Жақында Орталық Азия мен ТМД-ның үздік лоукостері ретінде екінші рет Skytrax марапатын жеңіп алған FlyArystan 2019 жылы операциялық қызметін бастағаннан бері бес еседен астам жолаушыларды тасымалдап, 2023 жылы бұл көрсеткіш 3,6 млн-ға жетті. Статистикаға сүйенсек, 2023 жылы FlyArystan-ның әрбір оныншы жолаушысы үшін бұл олардың ұшқан алғашқы рейсі болған.
Дәстүр бойынша әуе компаниясының жаңа ұшақтарының атауын жолаушылары таңдады. Олар «Антарес» (Airbus A320 CEO) және «Капелла» (Airbus A320 NEO) жұлдыздарының аттарын алды.