Fintechstars Innovation Day онлайн-марафонына өтінім қабылданып жатыр. 

«Астана» халықаралық қаржы орталығы Орта Азия елдерінің кәсіпкерлері, инноваторлары мен қаржы технология саласындағы стартапшыларға бірегей мүмкіндік ұсынып отыр.

Fintech, инновациялар мен кәсіпкерлікке қызығушылық танытып, Орталық Азия нарығына шығуға дайынсыз ба? Немесе қаржы технологиялар саласындағы соңғы тенденциялар туралы білгіңіз келе ме?  Fintechstars Innovation Day онлайн-марафонға стартап немесе қонақ ретінде қосылыңыз.

30 маусым күні өтетін онлайн марафонда қаржы саласындағы стартапшылар ірі корпорацияларға өз өнімдерін таныстыратын мүмкіндікке ие болады. Марафонға қалыптасқан стартаптармен қатар, енді ғана жасалып жатқан стартаптар да қатыса алады. Марафон барысында ең үздік деген 15 стартап таңдап алынады.

Байқауға қатысу үшін стартаптың бағыты мыналардың біреуі болуы керек:

  • Төлем.
  • Несиелеу.
  • AI & ML.
  • Сақтандыру (InsurTech).
  • Цифрлық идентификация.
  • Мобильді әмиян.
  • Киберқауіпсіздік жәнеантифрод.
  • Open API.
  • Инвестиция және қаражат жинау.
  • Маркетплейстер.
  • Қаржылық сауаттылық.

Қазақстан, Өзбекстан, Қырғызстан, Тәжікстандағы банктер, сақтандыру компаниялары, ұялы байланыс операторлары мен бөлшек сауда серіктестері ынтымақтастыққа және сіздің өтініміңізді қабылдауға дайын! Тіркелу әлемнің әр түкпірінен келген стартаптар мен қонақтар үшін ашық.

Жаһандық пандемиядан туындаған дағдарыс экономикалық дамудың икемді және орнықты модельдері мен құралдарының қажеттілігін айқын көрсетті. Орталық Азия халқының саны 74 миллионнан асады, ал ересек тұрғындардың жартысынан көбі банктік қызметтерге қол жеткізе алмайды. Банктік қызметтерге қол жеткізе алмайтын адамдардың көпшілігі бұл аймақты арзан және қолдануға оңай қаржы өнімдері мен қызметтерін құруға мүмкіндік беретін жоғары технологиялық шешімдердің пайда болуына қолайлы ете алады.

Марафонға қатысу үшін 23 маусымға дейін мына сілтеме  Https://fintechstars.aifc.kz/fid арқылы тіркеліңіз.