Visa-ның қолдауымен MOST Holding пен Қазақстан Республикасының Ұлттық Төлем Корпорациясы (ҚР ҰТК) Fintech Stars стартаптар байқауына өтінімдерді қабылдаудың басталғанын хабарлайды. Бұл іс-шара Central Asia Fintech Summit аясында өткізіліп, Орталық Азияның қаржылық экожүйесі аясында инновациялық шешімдерді қолдауға бағытталған.

2023 жылы қаржылық технологиялар саласына әлем бойынша 113,7 млрд доллар инвестиция құйылды, бұл салаға қызығушылықтың тұрақты түрде артып келе жатқанын дәлелдейді. Fintech Stars байқауына қатысу стартаптарға өз жобаларын танытып, алғашқы инвестициялар алуға және сала көшбасшыларының назарын аударуға бірегей мүмкіндік береді. 

Байқауға Қазақстанда немесе Орталық Азияның басқа елдерінде тіркелген Seed және Pre-Seed кезеңіндегі стартаптар қатыса алады. Келесі бағыттардағы жобаларға ерекше назар аударылады: 

  • Ашық банкинг (Open Banking)  
  • De-Fi (Decentralized Finance)
  • Қаржытехке арналға AI
  • Төлем жүйелері

Жүлде қоры және ерекше мүмкіндіктер

Жеңімпаздар 50,000 доллар мөлшеріндегі жүлде қорын, сондай-ақ:

  • Сала көшбасшыларының тәлімгерлік қолдауы
  • Медиа жарықтандыру және негізгі инвесторларға қол жеткізу;
  • MOST Business Intelligence акселерациялық бағдарламаларына қатысу мүмкіндігі
  • Ерекше құпия сыйлықты алады  

 Бұл жай байқау емес — бұл стартаптардың өсіп, халықаралық деңгейге шығуына арналған платформа!

Өткізу мерзімі мен орны

Байқау 2024 жылдың 9 қазанында Алматы қаласындағы Royal Tulip қонақ үйінде өтеді.

Қалай қатысуға болады?

Байқауға тіркелу 2024 жылдың 1 қазанына дейін ашық. Финалға шыққандар 6 қазанда белгілі болады. Өтінімдерді іс-шараның веб-сайтындағы онлайн нысан арқылы жіберуге болады.

Central Asia Fintech Summit туралы

Fintech Stars байқауы Central Asia Fintech Summit шарасының бөлігі, бұл Орталық Азиядағы қаржылық технологиялар қауымдастығы үшін маңызды оқиға, онда Google және Microsoft сияқты ірі компаниялардың өкілдерін қоса алғанда, 70-тен астам сарапшы жиналады. Іс-шара стартаптар мен қатысушыларға бірегей мүмкіндіктер ұсынып қана қоймай, қаржылық технологиялардың болашағын айқындайтын ең өзекті тенденцияларды талқылайтын платформаға айналады.