Субсидиялардан жеңілдікті несиелеуге толық көшу 2028 жылдың соңына дейін жүргізіледі

Агроөнеркәсіп кешенін тікелей субсидиялау тәсілінен арзан несие беру тәсіліне біртіндеп көшу – аса маңызды міндет. Ол үшін нақты іс-шаралар мен мерзімдері бар Жол картасы бекітілді.

«Жалпы алғанда, тауарлық-спецификалық субсидиялардан (ет, сүт, жабық топырақтағы көкөністерге арналған субсидиялар) жеңілдікті несие беруге толық көшу «Экономиканы ырықтандыру туралы» Жарлықта қарастырылған және 2028 жылдың соңына дейін қамтамасыз етілетін болады», — деді Премьер-Министрдің орынбасары Серік Жұманғарин Үкімет отырысында.