Facebook әлеуметтік желісінде қазақстандық пайдаланушылардың арасында түрлі онлайн-платформ аларды белсенді жарнамалайтын фишингтік сайттарға сілтемелер кеңінен таратылуда, олардың айтуы бойынша, мұндай онлайн-платформ алардың көмегімен жеңіл және тез арада байып кетуге болады мыс.
Fingramota . kz мұндай ұсыныстарға неліктен сенбеу қажеттілігі жөнінде мысалдар келтіреді.
Алаяқтардың ең жеңіл айла-шарғысы – бұл әлеуметтік желілерде жалған аккаунт құру. Мәселен, алматылық телеарнаның атын бүркемеленіп қаскүнемдер жүргізушінің сөзінше «биржада акциялар және «алтын валютамен» сауда-саттық жүргізетін платформа жөнінде лақап «жаңалық» таратады. Оны арнайы Қазақстанның тұрғындары үшін Илон Маск құрған, бұл қор нарығында автоматты түрде сауда-саттық жүргізетін робот деп шығарады.
ПЛАШКА: Ұдайы негізде тұрақты және пассивті кіріс алғысы келетіндер үшін небәрі «Тесла» компаниясының платформасында тіркеліп, күніне жарты сағат уақытын оқуға жұмсап, инвестиция сала бастаса жеткілікті. Тіркелгеннен кейін келесі күні, 24/7 режимінде, Қазақстанның кез келген картасына қаржыны шығарып алуға болады, оған сіздің бар-жоғы 5-10 минут уақытыңыз кетеді. Бұл жерде бағдарламаны жасаушылар компания көрсеткен қызметі үшін шығарылған қаржы сомасынан 1,5% ұстап қалатыны, сондай-ақ сізге тәулік бойы жеке маманның көмегін ұсынатыны жөнінде айтады.
Сюжеттің соңында сайтқа сілтеме жасалады, оған өтіп, тіркелуіңіз қажет. Онда есіміңіз бен телефон нөміріңізді ғана көрсетсеңіз жеткілікті.
Сондай-ақ, посттың астында өз ризашылығын білдіріп, «пайдаға кенелген», осы платформаға ақша салуға шақыратын инвесторлардың жалған пікірлері жарияланады.
Мәселен, сіз тіркелдіңіз делік. Біраз уақыттан кейін сізге жалған брокерлер қоңырау шалып, басыңызды айналдыра бастайды. Олар ай сайын 3-4 мың доллар табуға болатын, оған жетудің жеңіл алгоритміне уәде беріп, әлеуметтік инженерия әдістерін қолдануда әбден әккі болған алаяқтар. Олардың басты мақсаты – cіз олардан шот ашып, оны толықтырсаңыз болды. Іс жүзінде ешқандай сауда-саттық жүргізілмейді, сізге кірісіңіздің өсіп жатқаны көрсетілген жалған суреттер жіберіледі. Егер сіз ақшаңызды шығарып алғыңыз келсе, онда алаяқтарға алдын ала келісілген пайызды аударуыңыз керек. Нәтижесінде бұдан да көп шығынға батасыз, себебі сізге ақшаны, яғни уәде болған күнделікті табысты да, бастапқы салынған инвестицияны да, қаржыны шығарып алу пайызын да ешкім қайтармайды.
Алдағанды қалай білуге болады?
Алаяқтықтың бұл түрі технологияларды аса меңгермеген, ұсақ-түйектерге мән бермейтін адамдарға арналған. Олар жаңалықтарды қарап, әлеуметтік желілерді пайдаланып, әйгілі компаниялар мен адамдардың аттарынан хабардар болса да, басқасынан ешқандай мағлұматтары жоқ адамдар.
Tesla - бұл миллиардер Илон Масктің автокөлік компаниясы, ол автономды басқарылатын болашақтың электркарларларын шығарумен айналысады. Бұл инвестициялауға мүлдем қатысы жоқ платформа.
Сонымен қатар мұқият пайдаланушылар «сюжеттің» қолдан құрастырылғанын, онда басқа телеарнаның логотипі бар екенін, сипаттамасында көптеген грамматикалық қателер кездесетінін байқайды. Егер аккуанттың басты бетіне өтсеңіз, ол ешқандай жаңалықтарсыз бос болып шығады. Бұл жерде постта көрсетілген сайттың атауы да Илон Масктің компаниясына тиесілі емес.