Airbus Helicopters (Airbus Group еншілес компаниясы) Eurocopter Kazakhstan Engineering компаниясының 90% үлесін сатып алып, атауын Airbus Helicopters Kazakhstan Engineering деп өзгертті, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі. 

Хабарламада Airbus Helicopters тікұшақтарды құрастыру, оларды модификациялау, техникалық қызмет көрсету және оқыту бойынша Қазақстандағы жалғыз орталық екені айтылған.

«Көптен бері жұмыс істеп келе жатқан бірлескен кәсіпорынның басым үлесін алу арқылы біз Қазақстанға деген адалдығымызды растаймыз, — деді Airbus Helicopters Еуропа бөлімінің басшысы Томас Хейн, — 60-тан астам Airbus тікұшақтарын басқаратын Қазақстан Airbus Helicopters үшін Орталық Азия нарығында маңызды рөл атқарады. Біз елдегі қатысуымызды одан әрі кеңейтуді және тұтынушыларымызбен, әсіресе медициналық эвакуациялау үшін 20-дан астам H145 тікұшақтар паркін басқаратын Төтенше жағдайлар министрлігімен тығыз байланысты нығайтуды асыға күтеміз».

Компания 2011 жылы ашылған Airbus Helicopters орталығы жергілікті нарық үшін тікұшақтарды құрастырады және түрлендіреді, сонымен қатар аймақтағы Airbus тұтынушыларының тікұшақ парктеріне техникалық қызмет көрсету, жөндеу және күрделі жөндеу жұмыстарын жүргізетінін түсіндіреді.

2017 жылы оқу академиясы Қазақстанда және бүкіл Орталық Азияда тікұшақтарды – ұшқыштарды да, техникалық қызмет көрсететін персоналды да даярлауға өсіп келе жатқан қажеттілікті қанағаттандыру үшін құрылды. Академия Қазақстанның және көршілес елдердің – Қырғызстан мен Тәжікстанның авиациялық билік органдарымен сертификатталған.

«Қазақстан – Орталық Азиядағы Airbus үшін негізгі нарықтардың бірі. Airbus Қазақстанның сенімді серіктесі болып табылады, олармен әскери авиация, жоғары ажыратымдылықтағы Жерді бақылау спутниктері және телекоммуникация жүйелерін қоса алғанда, қорғаныс және қауіпсіздік саласындағы бірқатар жобалар бойынша жоғары деңгейде ынтымақтасады. Airbus сонымен қатар коммерциялық ұшақтар мен корпоративтік ұшақтарды жеткізетін аймақта күшті қатысуға ие. Сонымен қатар, Airbus Қазақстанмен бірнеше ұзақ мерзімді бағдарламаларды жүзеге асыруда, қорғаныс және ғарыш салаларындағы жергілікті өнеркәсіптік ойыншылармен белсенді ынтымақтастықта», — делінген компания хабарламасында.