2025 жылдан бастап Қазақстан Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде әділ роуминг тарифтеріне көшуі мүмкін, деп хабарлайды Еуразиялық экономикалық комиссияның баспасөз қызметі.
Еуразиялық экономикалық комиссия кеңесінің бұйрығымен Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерде халықаралық роумингте ұялы байланыс қызметтеріне әділ тарифтерді белгілеу үшін қажетті шарттарды қалыптастыру жөніндегі іс-шаралар Жоспары дайындалды.
«Бүгін Комиссия кеңесі қабылдаған әділ роуминг тарифтерін белгілеу жөніндегі іс-шаралар Жоспары Одаққа мүше мемлекеттердің азаматтары мен халықаралық қауымдастығына «іс-әрекеттегі» интеграцияны көрсетеді. Аталған құжат 2019 жылдың қазан айында Ереван қаласында өткен Үкіметаралық кеңес барысында мәлімделген", деді Еуразиялық экономикалық комиссияның Бәсекелестік және монополияға қарсы реттеу министрі Арман Шаққалиев.
Оның айтуынша, осыған ұқсас шешімдерді көптеген интеграциялық бірлестіктер, оның ішінде Батыс Африка Одағы, Анд қауымдастығы да қабылдаған. Мысалы, Еуропалық одақ роумингте «үй» тарифтерін орнатуын 20 жетістіктерінің ең жақсысының бірі ретінде мойындаған.
Жоспар Одаққа мүше елдердің мемлекеттік органдарымен, сондай-ақ ұялы байланыс операторларымен бірқатар технологиялық және ұйымдастырушылық мәселелерді зерделеуді көздейді.
Бұдан басқа, Жоспарға әділ тарифтерді адал пайдалану ережелерін әзірлеу кіреді. Яғни, «үй» тарифтерін роумингте қолданудың максималды мерзімін анықтайды.
"Біз өз тарапымыздан Жоспар бойынша іс-шаралардың орындалуын қадағалайтын боламыз. Оларды толық енгізгеннен кейін, 2025 жылдан бастап бізге Еуразиялық экономикалық одақ елдерінде әділ роуминг тарифтеріне көшуге мүмкіндік береді», - деді Шатқалиев.