Astana International Exchange («АIX») биржасында «Еуразия даму банкінің» 12 айлық мерзіммен $100 млн АҚШ доллары көлеміндегі облигациялары дебюттік шығарылды.
Мәмілеге «First Heartland Securities» АҚ қолдау көрсетті.
AIX басқармасының төрағасы Тим Беннетт былай деп түсінік берді:
«Біз Еуразия даму банкі» бағалы қағаздарының АІХ-тегі алғашқы листингін қошеметтейміз. Листинг инвесторлар үшін және жалпы нарық үшін жақсы белгі болады және басқа да халықаралық даму банктері үшін жақсы үлгіге айналады деп санаймыз».
ЕАДБ Басқармасының төрағасы Николай Подгузов былай деп атап өтті:
«Облигациялардың дебюттік орналастырылуы Банктің АҚШ долларында және еурода қисық қалыптастыру және қорландыру құралдарын әртараптандыру бойынша жұмысының шеңберінде жүзеге асырылды. Банк 2021 жылы АІХ-пен серіктестікті жалғастыруды және инвесторларға 18 айға дейінгі мерзіммен қысқамерзімді шығарылымдар сериясын ұсынуды жоспарлап отыр».
«First Heartland Securities» АҚ Басқарма төрағасы Евгений Пан былай деді:
«ЕАДБ облигацияларын орналастыру қаржы нарығы және эмитенттер мен инвесторлар үшін де маңызды оқиға болып саналады. Бұл орналастыру инвесторларға сапалы облигацияларға салым жасауға бірегей мүмкіндік береді. Біз осы орналастыруға қатысу мүмкіндігін бергені үшін ЕАДБ-ға алғыс айтамыз. Сонымен қатар, эмитенттер мен инвесторлар тарапынан АХҚО алаңына деген қызығушылықтың артып келе жатқанын атап өткіміз келеді және бұл мәміле осы қызығушылықты растайды».