Еуразиялық даму банкі (ЕАДБ) «Астана» халықаралық қаржы орталығының әкімшілігі» АҚ-нан (АХҚО) AIFC Green Finance Centre, Ltd. (Компания) акциялар пакетін сатып алды. Осылайша, Банк «жасыл» қаржылар саласындағы қызметін кеңейтуде.«Жасыл» қаржылар саласына жобаларды тарту және «жасыл» қаржылық құралдарды енгізуге маманданған компанияның капиталына қатысу Банкке АХҚО-мен бірлесе отырып, Орталық-Азия өңірінде «жасыл» қаржылар нарығын қалыптастыру процесінің белсенді қатысушы болуға, жаңа қаржылық өнімдер мен құралдарды енгізуге, бірлескен зерттеулер орындауға және жауапты қаржыландыру саласындағы әлеуетті арттыруға мүмкіндік береді.АХҚО Басқарушысы Қайрат Келімбетов: «АХҚО мен ЕАДБ ынтымақтастығы жасыл қаржыландыру құралдарының Еуразиялық өңірде дамуы мен ілгерілеуіне жәрдемдесетініне сенімдімін. Ұйымдарымыздың Жасыл қаржылар орталығының қызметіне бірлесе қатысуы ЕАЭО елдерінің экологиялық және әлеуметтік жобаларына инвестициялар тартуының табысты тәжірибесін масштабтауға және жасыл қаржылар мен тұтас жасыл экономиканы көпшілікке танымал етуге мүмкіндік береді», - деп атап өтті.Банктің қолданыстағы миссиясы мен 2018–2022 жылдарға стратегиясына сәйкес банк қызметінің негізгі бағыттарының бірі – «жасыл» жобаларды қаржыландыру. Банк осы саладағы қызметін, оның ішінде жаңартылатын энергия, энергияны үнемдеу, энергия тиімділігі, тұрақты қалалық және индустриалды даму, табиғи ресурстарды ұтымды пайдалану, парниктік эффектіні азайту, қалдықтарды басқару саласындағы жобаларға қатысу арқылы жүйелі түрде арттыруда.Банк Басқармасы төрағасы Н.Р. Подгузов: «Жасыл экономика тұжырымдамасы әлемдік экономикада күннен-күнге елеулі орын алуда және ЕАДБ оны біздің мүше елдерде – Армения, Беларусь, Қазақстан, Қырғызстан, Ресей және Тәжікстанда енгізуге және дамытуға бар күшін салады. Банктің GFC – Қазақстандық компанияның капиталына қатысуы қисынды деп санаймыз. Ел «жасыл» экономика саласындағы жобаларға ерекше назар аударады, және Еуразиялық даму банкі, айтпақшы, мұнда бірқатар жаңартылатын энергия көздерін қаржыландыруға қатысты. Бұл – Ерейментау учаскесінде жел электр станциясының құрылысы және күн энергиясын өндіру саласындағы жобалар. Енді AIFC Green Finance Center үлесін сатып алғаннан кейін біздің белсенділігіміз арта түсетініне сенімдімін», - деп мәлімдеді.