Статистика комитетінің мәліметінше, ең көп мал сойған өңір Қостанай облысы (3 мың тонна), екінші орында Ақтөбе облысы (2,5 мың тонна), одан кейін Алматы облысы (1,5 мың тонна).
Өсім қарқыны бойынша Түркістан облысы көш басында. Бұл облыстағы өндіріс былтырғыдан 4,3 есе артса, Алматы облысының көрсеткіші 3 есеге көбейген. Ақмола мен Қарағанды облыстарында да өндіріс тиісінше 88,5% және 77% ұлғайды.
Есесіне Ақтөбе облысында 1,1%, Жамбыл обысында 41,5% және Шығыс Қазақстан облысында 11,1% азайып кеткен.