2024 жылғы мәліметтер бойынша жұмысшылардың орташа сағаттық жалақысы 2083 теңгені құрап, 2023 жылмен салыстырғанда 3,3% өсті.
Дегенмен, гендерлік айырмашылық байқалады. Ер адамдар орташа есеппен сағатына 2307 теңге, ал әйелдер 1871 теңге табыс тапқан. Айырмашылық 19%.
Сағаттық жалақының ұлғаюы аясында ерлер мен әйелдердің өсу қарқынында айырмашылық бар. Әйелдердің сағаттық жалақысының өсімі 4,4%-ды құрады, бұл ерлерге қарағанда біршама жоғары. Дегенмен, мұндай өсімге қарамастан, әйелдер әлі де төмен табыс деңгейіне тап болады, бұл жұмыспен қамту сипаты мен экономика құрылымына байланысты болуы мүмкін.