Карантиннен кейін бос жұмыс орындары көптеп ашылып, компаниялар жаппай қызметкер іздеп жатыр, деп хабарлайды HeadHunter компаниясы.

Компания мәліметінше, 2021 жылдың бірінші жартысында бос жұмыс орындарының саны өткен жылдың осы уақытымен салыстырғанда 49% көбейді.

"Жұмыс іздеушілерге қарағанда жұмыскер іздеушілер көбейді. Сұраныстан ұсыныс көбейіп барады. Алдағы уақытта бұл үрдіс жалғаса береді. Жақсы жұмыскер табу үшін компания қолайлы шарт ұсыну керек. Жұмыскерлерде де қазір таңдау көбейді", деп жазады компания.

Рекрутерлердің айтуныша, қазір жұмыс берушілер емес, жұмыскерлер өзінің талаптарын қоятын болған. Бұрын мамандар бос жұмыс орындарына таласатын болса, қазір жұмыс берушілер мамандарға таласады.

Бұған дейін елде бос жұмыс орындарының көбейіп, жұмыс іздеушілердің азайғанын хабарлаған едік.

Сонымен қатар қазір қазақстандықтар екінші жұмыс істей бастағаны да жазылған еді.