2021 жылдың қаңтар-қыркүйек аралығында 1,4 мың қылмыстық сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылық тіркелді. Бұл былтырғы осы уақытпен салыстырғанда 33,3% аз.

Өңірлер бойынша көш басындағы астанада 140 қылмыстық іс тіркелді. Көрсеткіш былтырғыдан 22,7% төмендеген. Одан кейін Алматы қаласында жемқорлық 19,2% азайып 135 болса, Түркістан қаласында керісінше 5,9% көбеійп 107-ге жетті. Жамбыл облысында 23% азайып 107 болды.

Жемқорлық ең аз тіркелген өңір Маңғыстау облысы. Көрсеткіш 47,6% азайып 43 болды.

Былтырғымен салыстырғанда ең қарқынды өскен Түркістан облысы болса, ең аз көбейген БҚО, мұнда көрсеткіш 65,3% азайып 51 болды.

Ауыр жемқорлық қылмыстарының саны 937, орта деңгейдегісі 340, жеңілдері 97, ал аса ауырлары 33.

Жемқорлық қылмыстарының үштен бірінен артығы пара беру. Пара беру көрсеткіші 2,4% азайып 488 болды.

Одан кейін ең көп тіркелгені пара алу дерегі. Көрсеткіш былтырғыдан 36,5% азайып 383 болды.

Үшінші орында алаяқтық. Алаяқтық ісі 56,8% азайып 142-ні құрады.

Одан кейін сеніп тапсырылған мүлікті иемдену және жұмсау (141 іс, минус 51%) және лауазымды асыра пайдалану (120 іс, минус 28,6%).

Жемқорлық үшін сотқа өткізілген адамдар саны 739, былтырғыдан 7,2% аз.

Жемқорлықпен ұсталған мемлекеттік қызметкерлердің ішінде ең көбі әкімдік пен құрылымдық бөлімшелердің қызметкерлері: 130 адам, бір жылда 24% азайды. Одан кейін ішкі істер органдары қызметкерлері (125) мен Қаржы министрлігі қызметкерлері (33 человека).

Сонымен қатар 4 судъя мен 3 әкім ұсталып қалды.

ЖОО-лардағы жемқорлыққа келер болсақ, ең жемқор оқу орындары Атырау (жалпы жемқорлық істерінің 24%-ы), Нұр-Сұлтан (20%), Шымкент (12,5%), Алматы (12%), Алматы облысы (12%), Маңғыстау облысы (10%) және Түркістан облысы (9%).