2026 жыл бизнес үшін бетбұрысты кезең болды. Осыдан бірнеше жыл бұрын компания табысының негізгі факторлары өнімнің бағасы мен сапасы болса, бүгінде бұл жеткіліксіз. Цифрландыру мен бәсекелестік қарқынды дамып, тұтынушылардың әдеттері жылдам өзгеріп жатқан әлемде, бизнестің сатып алушылардың қажеттіліктерін жедел қанағаттандыру қабілеті алдыңғы орынға шықты. Бұл туралы Glovo компаниясының Қазақстандағы бас менеджері Руслан Гамзаев Алматыда өткен New Vision Forum 2026 форумында сөйлеген сөзінде айтты, деп хабарлайды компанияның баспасөз қызметі.
«Соңғы жылдары біз көптеген трансформациялар мен ауқымды өзгерістердің куәсі болдық. Соған қарамастан, 2026 жылды шын мәнінде бетбұрысты кезең деуге болады. Бұрын бизнес өнім сапасы мен бағасы арқылы бәсекелесетін, ал бүгінде бұл – тек базалық талап. Қазір клиенттің уақыты мен жайлылығы басты көрсеткішке айналды. Тұтынушының талаптары бұрынғыдан да жоғары. Сондықтан дәл осы сәтте оның қажеттілігін өтей алған компания жеңіске жетеді», – деді Руслан Гамзаев.
Мұны тек жергілікті тәжірибе ғана емес, сондай-ақ Glovo платформасы жұмыс істейтін 22 елдегі миллиондаған пайдаланушының мінез-құлқын талдау нәтижелері де растайды. Жедел жеткізу қызметі демалыс күндері ғана пайдаланылатын немесе ара-тұра қажет болатын ыңғайлы сервис болудан қалып, адамдардың күнделікті дағдысына әрі қалалық инфрақұрылымның ажырамас бөлігіне айналып келеді. Сарапшының айтуынша, клиенттер тек тапсырыстың жылдам жеткізілуін емес, күнделікті тұрмыстық мәселелерін кешенді түрде шешетін қызметтерді күтеді.
«Фен немесе электр ұстарасын уақытында жеткізу бір басқа, ал жұмыс аптасының соңында отбасына арналған кешкі асты жеткізу мүлде басқа жағдай, әсіресе жаңбыр жауып тұрса. Мұндай кезде жауапкершілік те, күтілетін нәтиже де әлдеқайда жоғары болады», – дейдіРуслан Гамзаев.
Оның айтуынша, бүгінде клиенттерге ұсынылатын қызмет көрсету сапасын жетілдіруге ерекше мән берілуде.
Серіктестіктер өсудің жаңа драйверіне айналуда
Соңғы жылдардағы маңызды трендтердің бірі – серіктестік экожүйелердің дамуы. Руслан Гамзаевтың айтуынша, жоғары бәсекелестік жағдайында компаниялар көбіне жеке әрекет ету арқылы емес, нарықтың басқа қатысушыларымен тиімді ынтымақтастық орнату арқылы табысқа жетуде. Осы тұрғыда Glovo-ның халықаралықлогистикалық тәжірибесін Kaspi.kz-тің цифрлықэкожүйесімен біріктіру – айқын мысал.
«2026 жылы ірі ойыншылар синергия қалыптастырып, бизнесті дамыту үшін өзара тиімді байланыс орната білуі тиіс. Өткен жылдың қазан айында басталған серіктестік аясында Kaspi Glovo платформасына жаңа пайдаланушылардың елеулі бөлігін тартып, Қазақстандағы тапсырыстар көлемінің тұрақты өсуіне ықпал етуде», – деді сарапшы.
Серіктестік тек платформалардың өздерінің дамуына ғана емес, шағын және орта бизнеске де қолдау көрсетеді. Қазіргі уақытта Glovo-мен 3 мыңнан астам жергілікті серіктес жұмыс істейді. Олардың қатарында мейрамханалар, дәмханалар мен дүкендер бар. Халықаралық Statista+ талдау компаниясының зерттеуінесәйкес, платформаны пайдалану шағын және орта бизнеске қосымша өсу мүмкіндіктерін ашып, физикалық инфрақұрылымды кеңейтуге инвестиция салмай-ақ айналымды орта есеппен 26% арттыруға мүмкіндік береді. Сауалнамаға қатысқан компаниялардың шамамен 43%-ы жеткізу қызметінен түсетін табысының 25–50% өскенін хабарлаған.
«Платформадағы әрбір қатысушы бір-бірінің әлеуетін күшейтеді. Клиенттер сұраныс қалыптастырады, кәсіпкерлер ұсынысты кеңейтеді, ал курьерлер сервистің қолжетімділігін қамтамасыз етеді. Нәтижесінде олардың барлығы экономика өсіміне өз үлесін қосады», – дедіРуслан Гамзаев.
Оның айтуынша, Glovo компаниясының Қазақстан экономикасына жыл сайын қосатын үлесі 100 млн еуродан асады. Бұл көрсеткіш компанияның елдегі жеке айналымынан да жоғары.
Жасанды интеллект – күнделікті тиімділіктің құралы
2026 жылы компаниялардың бәсеке қабілеттілігіне әсерететін тағы бір маңызды фактор – жасанды интеллект технологияларын жедел енгізу қабілеті. Руслан Гамзаевтың пікірінше, жасанды интеллект бүгіндеэксперимент немесе болашақ технологиясы болуданқалды. Шығындардың өсуі жағдайында ескі операциялықмодельдер елеулі шығындарға әкелуі мүмкін.
«Жасанды интеллект енді болашақтың қандай болатынытуралы емес. Ол – бизнестің күнделікті тиімділігі мен рентабельділігін қамтамасыз ететін базалық құрал. Платформа жұмысының негізінде ауа-райы жағдайын, жолдағы ахуалды, тапсырыстың дайындалу жылдамдығын және басқа да көптеген факторларды әр секунд сайын талдайтын алгоритмдер жатыр. Бұл логистикалық процестерді барынша тиімді басқаруға мүмкіндік береді», – деп түсіндірді ол.
Сонымен қатар, жасанды интеллектіні қолданулогистикамен ғана шектелмейді. Ол серіктестердің материалдары негізінде маркетингтік бейнероликтер жасауға, заңды құжаттарды автоматты түрде талдауға пайдаланылады. Клиенттерге қолдау көрсету қызметінің мамандары AI-чатботтардың көмегімен оқытылады. Бұдан бөлек, жасанды интеллект рекрутинг процесінде және қызметкерлерді іріктеу сапасын бағалауда да кеңінен қолданылады.
Алайда ұзақ мерзімді даму тек жаңа технологиялардыенгізумен шектелмейді. Ол жаңа идеялардың пайдаболуына қолайлы орта қалыптастыруды да талап етеді.
«Инновация дегеніміз – тек код емес. Бұл – мәдениет. Жаңа шындыққа бейімделу үшін бизнес бір мезгілде екіміндетті шешуі керек: тиімділікті арттыру мақсатынд ажасанды интеллектіні енгізу және икемділікті сақтау. Дәлосы үйлесім нарықтағы өзгерістерге жедел әрекет етуге және жаңа даму бағыттарын табуға мүмкіндік береді», – деп қорытындылады Руслан Гамзаев.