Мұнай-газ саласының инвестициялық тартымдылығын арттыру жөніндегі жұмыс шеңберінде ҚР Энергетика министрлігі көмірсутектер саласындағы жер қойнауын игеруге жаңа инвестицияларды тарту мақсатында бірқатар заңнамалық бастамаларды енгізді.
Бірқатар нормативтік және фискалдық преференцияларды қамтамасыз етуге мүмкіндік беретін күрделі теңіз, құрлық және газ жобалары үшін жетілдірілген үлгілік келісімшартты (ЖҮК) енгізу бойынша жұмыс жүргізілді.
Бүгінгі күні Министрлік ұлттық компанияның және жеке инвесторлардың қатысуымен 9,0 млрд АҚШ долларына жуық инвестицияны тарта отырып, кешенді жобалар бойынша (2 – өндіру, 3 – геологиялық барлау) 5 келісімшарт жасалды.
Кешенді жобалар бойынша жер қойнауын пайдалануға жаңадан жасалған екі келісімшарт бойынша қол қою бонустарының сомасы Қаламқас-теңіз, Хазар және Әуезов теңіз аймақтары үшін 32 млн долларды және Атырау мен Маңғыстау облыстарындағы Қаратон тұзасты учаскесі үшін 100 млн теңгені құрады.
Сондай-ақ 2024 жылы министрлік көмірсутектерге жер қойнауын пайдалану құқығын беру бойынша аукцион өткізу туралы жарияланған хабарлама аясында 24 жер қойнауы учаскесін ұсынды.