Осы аптада Nur Astana kurylys (NAK), Exclusive Qurylys, Sheber компаниялар тобы және Қазақстандағы бірінші болып табылатын Proportunity.kz жылжымайтын мүлікке инвестиция салу қоры арасында ресми келісімге отыру аяқталды.
Серіктестер Proportunity.kz алаңының құны 7 миллион долларға жеткенде инвестицияның жаңа кезеңіне шығу жөнінде келісті. Бұл инвестициялар ұжымдық иелену жобаларының санын арттырып, компанияға Ресей және Өзбекстан нарықтарына шығуға мүмкіндік береді.
Proportunity.kz – краудфандинг моделі арқылы жылжымайтын мүлікке немесе құрылысқа тікелей инвестиция салуға мүмкіндік беретін платформа (REIP) болып табылады. Инвестиция салудың бұл моделі бүкіл әлемде, соның ішінде Қазақстанда кеңінен таралып келеді.
«Біз инвестиция саласында теңдік пен ашықтықты қамтамасыз ететін технологиялардың үлкен потенциалын көріп отырмыз. Біздің мақсатымыз – жылжымайтын мүлік нарығын бәріне қолжетімді ету», - дейді платформаның негізін қалаушы Арман Баев.
Құрылған уақытынан бастап компания «Астана» халықаралық қаржы орталығының Қаржы қызметтерін реттек комитетінің лицензиясын және ACEFI –ден Ислам қаржыландыру жүйесіне сәйкестік сертификатын алды.
Осы кезге дейін стартап портфелінде 24 нысан қосылып, инвесторлар саны 1500 адамға жетті.
Платформа арқасында кез келген адам бір шаршы метрден бастап
коммерциялық жылжымайтын мүлік иесі атанып, оны жалға беру немесе
сату арқылы табыс таба алады.