Қазақстанда 532 мың заңды тұлға бар, деп хабарлайды статбюро.

2024 жылғы 1 шілдедегі жағдай бойынша Қазақстанда 532 мың заңды тұлға тіркелген, оның 421 мыңы жұмыс істеп тұр.

Жыл сайын тіркелетін заңды тұлғалардың саны орта есеппен 4,5%  артып келеді. Соңғы он жылда (2014-2023) олардың саны 48,7% өскен.

Ең жоғары өсім жыл сайын орта есеппен 4,6% өсетін шағын заңды тұлғалар арасында байқалды. Ал орта және ірі заңды тұлғалардың тіркелген санында тұрақтылық жоқ: 2016, 2017 және 2019 жылдары олардың саны болмашы төмендеген.

Экономикалық қызмет түрлері бойынша заңды тұлғалардың көпшілігі «Көтерме және бөлшек сауда; автомобильдер мен мотоциклдерді жөндеу» (27,5%) секторында тіркелген, содан кейін «Құрылыс» (13,3%) және «Қызметтің өзге түрлерін ұсыну» (10%) салалары бар, бұлардың барлығы тіркелген заңды тұлғалар саның 50,8% құрайды.

Өңірлер бөлінісінде заңды тұлғалардың ең көп бөлігі Алматы (28,4%) және Астана (19,3%) қалаларында, сондай-ақ Қарағанды облысында (5,4%). 

Тіркелген заңды тұлғалардың Ұлытау (0,6%), Жетісу (1,6%) және Абай (1,6%) облыстарында ең аз.