Мәжіліс Қазақстан мен Қытай үкіметтері арасындағы жаңартылатын энергия көздері (ЖЭК) саласындағы жобаларды іске асыру туралы келісімді ратификациялады.
Келісім бойынша жалпы қуаты 1,5 ГВт болатын үш жел электр станциясын және қуаты 0,3 ГВт болатын бір күн электр станциясын салу көзделген. Бұл жобалар Қарағанды, Түркістан және Павлодар облыстарын қамтиды.
Жобадан 100-ден астам тұрақты және 1500-ге жуық уақытша жұмыс орны ашылады; елге 2 млрд доллардан астам инвестиция тартылады; жыл сайын қосымша 5,7 млрд кВт/сағ «жасыл» электр энергиясы өндіріледі деп болжанып отыр.