Экспортқа қарағанда импорт қаттырақ өсіп келеді

2026 жылдың қаңтар-мамыры аралығында Қазақстанның сыртқы сауда айналымы 56,3 млрд доллардан асты, 2025 жылдың қаңтарынан мамырына дейін бұл көрсеткіш номиналды түрде 4,3% өсті.

ҚР экспортының көлемі 30 361,9 млн долларға жетті, бұл өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 1,6% көп.

Ал импорт 25 987,4 млн АҚШ доллары, өсім 7,7%.

2026 жылдың қаңтарынан мамырына дейін Қазақстанның ЕАЭО елдерімен сауда айналымы 12 466,9 млн АҚШ долларына жетті, былтырғы сәйкес кезеңімен салыстырғанда 11,2% өскен.

Қазақстанның ЕАЭО елдеріне экспорты 3 549,2 млн АҚШ долларын құрады, көрсеткіш 7,1% төмендеген. Ал одақ елдерінен импорт 20,6% өсіп, 8 917,7 млн АҚШ доллары болды.

Қазақстанның экспорты дәстүрлі түрде шикізат пен металлургия өнімдерінен тұрады. Шикі мұнай және битум минералдарынан алынатын шикі мұнай өнімдері экспорттың ең үлкен үлесін құрайды, оның үлесі 44,6%.

Ең ірі экспорттық тауарларға тазартылған мыс және өңделмеген мыс қорытпалары (7,6%), мыс кендері мен концентраттары (5,9%), ферроқорытпалар (3%), бидай мен меслин (2,8%) кірді.

Импорт құрылымында жеңіл автомобильдер мен басқа да автокөлік құралдары көш бастап, 3,1%. Одан кейін телефондар (2,7%), фармацевтика (2,5%), мұнай газдары және басқа да газ тәрізді көмірсутектер (2,5%), сондай-ақ электр генераторлары мен айналмалы электр түрлендіргіштері (2,4%) келеді.

Қытай Қазақстан өнімдерінің ең ірі сатып алушысы болып қала береді, барлық экспорттың 19,9%-ын құрайды. Алғашқы алтылыққа Италия (16,4%), Ресей (8,8%), Түркия (7,6%), Нидерланды (6,3%) және Өзбекстан (5,8%) кіреді.

Ресей Қазақстанға негізгі тауар жеткізушісі болып қала береді, жалпы импорттың 31,6%-ы. Одан кейін Қытай (28,8%), Германия (4,9%), АҚШ (4,4%), Корея Республикасы (2,5%) және Түркия (2,2%) келеді.